Your trial period has ended!
For full access to functionality, please pay for a premium subscription
Message
Repost
1
250
Елімізде «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы кеңейтіледі – халықтың осал топтары газға жеңілдіктерге қол жеткізе алады

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының нәтижелерін таныстырды.

🔘 Министр атап өткендей, тапсырма шеңберінде Премьер-министр Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТК) алушыларға тауарлық газға ваучерлер ұсыну қызметін көрсету бойынша «Әлеуметтік әмиян» пилоттық цифрлық жобасы әзірленіп, енгізілді. Жоба тауарлық газ бағасының өсуі жағдайында халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған. Бастама шеңберінде мемлекеттік атаулы және тұрғын үй көмегін алушылар тұтыну лимиттері белгіленген газға ваучерлер алады: БҚО-да айына 833 текше метр, Шымкентте – 631 текше метр. Тұтынылған газ көлемі 24%-ға дейін жеңілдікпен 23,5 млн теңге сомасына 2,9 млн текше метрді құрады.
«Жеңілдік алушылардан оң кері байланыстың болуы сервистің жоғары сұранысқа ие екенін әрі оны еліміз бойынша әрі қарай кеңейтудің өзектілігін растап отыр. Бұл пилоттық жоба 2025 жылдың сәуір айының соңында аяқталады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта пилоттық жобаның мерзімін осы жылдың 30 маусымына дейін ұзарту, кейіннен еліміздің барлық газдандырылған өңірлеріне 1 жыл мерзімге кеңейту туралы мәселе пысықталуда»,
— деді Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар оның айтуынша, газ саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы 5 жыл мерзімге бекітіледі.

🔷 Сондай-ақ тауарлық газдың орташа шекті көтерме бағасы 1 000 текше метр үшін 23 646 теңге болғанда, ұлттық оператор халыққа жеткізу үшін 10 096 теңгені субсидиялайтыны атап өтілді. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап шекті бағаны 28 371 теңгеге дейін көтеру бағдарламаны жалғастыруды айрықша өзекті етеді.



В Казахстане расширят пилотный проект «Социальный кошелек» - скидки на газ станут доступнее для уязвимых категорий населения

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова был рассмотрен вопрос развития газовой отрасли. Министр энергетики Ерлан Аккенженов представил результаты пилотного проекта «Социальный кошелек».

🔘 Как отметил министр, в рамках поручения Премьер-министра был разработан и внедрен пилотный цифровой проект «Социальный кошелек» по оказанию услуги предоставления ваучеров на товарный газ получателям государственной адресной социальной (АСП) и жилищной помощи (ЖП) в Западно-Казахстанской области и г. Шымкент. Проект направлен на поддержку социально уязвимых слоев населения в условиях роста цен на товарный газ. В рамках инициативы получатели АСП и ЖП получают ваучеры на газ с установленными лимитами потребления: 833 м3 в месяц в ЗКО и 631 м3 - в Шымкенте. Объем потребленного газа со скидкой до 24 % составил 2,9 млн м3 на сумму 23,5 млн тенге.
«Положительная обратная связь от получателей подтверждает высокую востребованность сервиса и актуальность его дальнейшего масштабирования по стране. Данный пилотный проект будет завершен в конце апреля 2025 года. В связи с этим в настоящее время прорабатывается вопрос о продлении срока пилотного проекта до 30 июня текущего года с последующим масштабированием на все газифицированные регионы страны сроком на 1 год»,
— сообщил Ерлан Аккенженов.

Вместе с тем, по его словам, в целях обеспечения развития газовой отрасли предельные цены оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке утверждаются сроком на 5 лет.

🔷 Также было отмечено, что при средней предельной оптовой цене на товарный газ в 23 646 тенге за 1 000 м3, национальный оператор субсидирует 10 096 тенге для поставок населению.

📱 @KZgovernment
04/23/2025, 07:33
t.me/qazaqgazkz/2731
Similar message chronology:
Newest first
Similar messages not found