Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақталып қалды – әкімдік
📌 Үкімет отырысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақтала бастағанын қалғанын айтты.
🔷 Ол барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті. Негізгі өзендер бойынша су қозғалысының белсенді кезеңі өтті. Өңірде 494 көл мен 111 өзен бар. Есіл өзенінің қауіпті учаскелерінде судың деңгейін бақылау жалғасуда.
«Күшейтілген қорғаныс шаралары 94 ауылда 3 мың үйді су басудың алдын алуға көмектесті. Қылшақты өзенінің су өткізу мүмкіндігін арттыру облыс орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз етті»,
— деп атап өтті Марат Ахметжанов.
⏩ Есіл мен Нұра өзендерінің қауіпті учаскелерін нығайту және кеңейту, Жібек Жолы бөгетінің құрылысы елорда аймағында еріген қар суын қауіпсіз өткізіп жіберуге мүмкіндік бергені атап өтілді.
Сонымен қатар Жабай өзенінің түбін тереңдету және арнасын кеңейту Сандықтау және Атбасар аудандарының елді мекендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Осылайша, жыл сайын су тасқыны қаупі бар аймақтарды су басуға жол берілген жоқ.
«Өткен жылы басталған екі жылдық жобалар су тасқыны кезеңінде оң нәтижесін бергенін атап өту қажет. Біз биыл оларды жүзеге асыруды аяқтайтын боламыз. Су деңгейі түскеннен кейін жолдар қалпына келтірілуде. Бес ауданда су басқан 14 км автожолдар жөнделді. Өкінішке орай, елді мекендерді жергілікті су басу орын алды. Су тасқынының күрделенуіне объективтік және субъективтік факторлар, атап айтқанда, күннің тез жылынуы, жауын-шашын, топырақтағы жоғары ылғал, сондай-ақ жерасты суларының көтерілуі әсер еткенін атап өту қажет»,
— деп түсіндірді Марат Ахметжанов.
Облыста материалдық шығынды өтеу және зардап шеккен үйлерді тексеру жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Тиісті қаулылар қабылданды. Жөндеуді қажет ететін үйлерге құрылыс материалдарын жеткізу басталды.
➖
Паводковая ситуация в Акмолинской области стабилизируется – акимат
📌 Аким Акмолинской области Марат Ахметжанов на заседании Правительства доложил, что паводковая ситуация в регионе стабилизируется.
🔷 Он отметил, что все объекты работают в штатном режиме. Активная фаза движения воды по основным рекам пройдена. В регионе насчитывается 494 озер и 111 рек. На критических участках продолжается наблюдение за уровнем реки Есиль.
«Усиленные меры защиты помогли предотвратить подтопление 3 тыс. домов в 94 селах. Особое внимание уделено увеличению пропускной способности реки Кылшакты, что обеспечило безопасность областного центра»,
— подчеркнул Марат Ахметжанов.
⏩ Отмечено, что укрепление и расширение критических участков рек Есиль и Нура, строительство дамбы в Жибек Жолы позволило безаварийно пропустить талые воды в пристоличной зоне.
В то же время, защиту населенных пунктов Сандыктауского и Атбасарского районов обеспечило дноуглубление и спрямление реки Жабай. Тем самым, было исключено подтопление участков, ежегодно попадающих в паводкоопасную зону.
«Начатые в прошлом году двухгодичные проекты уже дали положительный эффект в период паводка. В этом году мы завершим их реализацию. По мере завершения переливов идет восстановление дорожного полотна. Отремонтировано 14 км размытых автодорог в пяти районах. К сожалению, имело место локального подтопления населенных пунктов. Важно отметить, что на осложнение паводковой ситуации повлияли как объективные, так и субъективные факторы. Это резкое потепление, обильные осадки, высокое увлажнение почвы, а также поднятие грунтовых вод»,
— пояснил Марат Ахметжанов.
В области работают комиссии по возмещению материального ущерба и обследованию пострадавших домов. Приняты соответствующие постановления. Проводится завоз строительных материалов к домам, требующим ремонта.
📱
@KZgovernment