⚡️Ұлытау облысында Кеңгір су қоймасының жағалауы тазаланды
Жезқазғандықтар жаз бойы осы жасанды көлде демалады. Сондықтан мұнда шашылған тұрмыстық қалдық көп. Тазалық шарасына 100-ге жуық адам, 5 ауыр жүк техникасы мен 3 қайық жұмылдырылды.
Табиғат жанашырлары облыстағы өзге де өзен-көлдерді аралап, заңсыз құрылған ауларды жинап шығады.