⚡️Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеруді елордалықтар бірнеше алаңда тікелей эфирде тамашалады
Батырлық пен ерліктің символы сипатталған салтанатты шараны көруге келген қауымның қарасы қалың.
Айбынды қазақ әскерінің әлеуетін паш еткен парадқа 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген. Мерекеде көптің көңілінен шыққан думанға біздің түсірілім тобы да қатысып қайтты.