🌷 Қызғалдақтар - даламыздың символы
Кеше Қаратау қорығы аумағындағы «Қаратау қызғалдақтары» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті.
Шара «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты - қоршаған ортаны сүюге баулу.
Естеріңізге сала кетейік, әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі кездеседі, оның 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.