Your trial period has ended!
For full access to functionality, please pay for a premium subscription
RU
Channel age
Created
Language
Russian
-
ER (week)
-
ERR (week)

ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Советник – Пресс-секретарь Президента РК

Messages Statistics
Reposts and citations
Publication networks
Satellites
Contacts
History
Top categories
Main categories of messages will appear here.
Top mentions
The most frequent mentions of people, organizations and places appear here.
Found 34 results
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
896
04/15/2025, 19:20
t.me/ruslanzheldibay/35
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
896
04/15/2025, 19:20
t.me/ruslanzheldibay/36
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
896
Что касается встречи с директором Медиаинститута Al Jazeera Иманом Аль Амри и управляющим директором телеканала Al Jazeera English Иссой Али: обсудили совместную подготовку журналистов и других профильных специалистов, а также создание документальных сериалов об истории, природе и развитии Казахстана.

Напомню, что в прошлом году во время госвизита Главы государства в Катар Телерадиокомплекс Президента подписал меморандум о сотрудничестве с Al Jazeera.

Одной из ключевых тем встречи стало открытие в РК корреспондентского пункта Al Jazeera. Считаю, что его появление позволит создавать оригинальные новостные материалы о событиях в Казахстане и всей Центральной Азии.
04/15/2025, 19:20
t.me/ruslanzheldibay/37
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
732
Ал, Al Jazeera медиа институтының директоры Иман Әл Амримен және Al Jazeera English телеарнасының басқарушы директоры Исса Әлимен болған кездесуде журналистер мен басқа да салалық мамандарды даярлау, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, тұмса табиғаты және қазіргі дамуы жөнінде сыр шертетін деректі сериялар түсіру туралы ақылдастық.

Еске сала кетейін, Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Қатар еліне жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені «Әл-Жазирамен» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

Кездесуде Қазақстанда Al Jazeera арнасының тілшілер қосынын ашу мәселесін де көтердік. Медиакорпорация елімізде өз тілшілерін ұстаса, Қазақстан және Орталық Азия өңіріндегі елеулі оқиғалар туралы қызықты ақпарат тарату мүмкіндігі кеңейеді деп санаймын.
04/15/2025, 19:20
t.me/ruslanzheldibay/34
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
732
04/15/2025, 19:20
t.me/ruslanzheldibay/33
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
834
Завтра в Астане стартует Второй Центрально-Азиатский медиафорум, а сегодня я встретился с двумя его участниками — руководством китайской медиакорпорации CGTN и международной телекомпании Al Jazeera — мировых медиа с широкой географией вещания.

С заместителем главного редактора CGTN Дин Юнем обсудил перспективы сотрудничества в медиасфере. А именно - вопросы широкого освещения дружественных отношений и динамику развития стратегического партнерства между Казахстаном и Китаем.

Мы предложили запустить совместный телепроект для более активного культурного обмена между нашими странами.
04/15/2025, 19:19
t.me/ruslanzheldibay/32
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
834
04/15/2025, 19:19
t.me/ruslanzheldibay/31
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
702
Ертең Астанада Екінші Орталық Азия медиафорумы басталады. Ал бүгін осы форумға қатысу үшін келген Қытайдың CGTN медиакорпорациясының және хабар тарату жағынан әлемде көшбасшы саналатын Al Jazeera халықаралық телекомпаниясының басшыларымен кездестім

CGTN бас редакторының орынбасары Дин Юнмен медиа саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқыладық. Атап айтқанда, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестіктің даму қарқынын кеңірек насихаттау мәселесіне айрықша мән берілді.
Біз өз тарапымыздан бірлескен тележобаны іске қосуды ұсындық. Мұндай бастама екі ел халқының өзара мәдени байланыстарын жандандыруға септігін тигізер еді.
04/15/2025, 19:18
t.me/ruslanzheldibay/30
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
702
04/15/2025, 19:18
t.me/ruslanzheldibay/29
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
1.0 k
С апреля прошлого года в стране по инициативе Главы государства проводится общереспубликанская акция «Таза Қазақстан».

Отрадно, что этот значимый экологический и социальный проект получил широкий отклик у населения, прежде всего среди молодежи.

Сегодня можно с уверенностью сказать, что акция «Таза Қазақстан» приобрела поистине всенародный и масштабный характер.

К акции присоединились все регионы. В целом, по стране было проведено 183 экологических мероприятия, в которых участвовали более 6,2 млн человек, в том числе 229 тысяч волонтеров.

В результате было собрано свыше 1,1 млн тонн мусора, высажено порядка 1,6 млн саженцев.

Отмечу, что проект охватил широкий спектр мероприятий: уборка территорий и дворов («Таза өлке», World Clean Up Day, «Өнегелі ұрпақ»); посадка зеленых насаждений («Жасыл аймақ», Всеказахстанскиий день посадки леса), благоустройство историко-культурных памятников («Киелі мекен»), а также очистка набережных рек, озер и водоемов («Мөлдір бұлақ», «Чистые берега»).

Значимым достижением стало сокращение количества несанкционированных свалок. Если в 2018 году было выявлено 8,7 тыс. свалок и ликвидировано 57%, то в 2024 году зафиксировано порядка 4,8 тыс. свалок, из которых устранено уже 93%.

В июне прошлого года был запущен чат-бот @TazaQazBot, позволяющий гражданам сообщать о фактах нарушения экологического законодательства.

С начала его работы поступило 15806 заявок, из которых 14417 уже исполнено, 302 находятся на рассмотрении.

В этом году мероприятия «Таза Қазақстан» уже стартовали в южных и западных регионах. Проведено 11 экологических мероприятий, в которых приняло участие более 223 тысяч человек, в том числе свыше 11,6 тысяч волонтеров.

В результате собрано более 7,6 тыс. тонн мусора, очищено 385 тыс. га территории и высажено порядка 74,1 тыс. зеленых насаждений.

Несомненно, все эти цифры и достижения наглядно подтверждают значимость инициативы Президента. Как подчеркнул Глава государства, «Таза Қазақстан» – это не одноразовая акция. Она должна стать доброй традицией, изменить отношение наших соотечественников к окружающей среде, воспитать у подрастающего поколения заботу и любовь к родной земле.
04/15/2025, 15:00
t.me/ruslanzheldibay/28
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
1.3 k
Былтыр сәуір айынан бері Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылып келеді.

Экологиялық әрі әлеуметтік маңызы жоғары бұл жобаны жұртшылықтың бәрі, әсіресе, жастардың кеңінен қолдағаны қуантады.

Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы халқымыз түгелдей қатысатын ауқымды шараға айналды деп сенімді түрде айтуға болады.

Акцияға барлық өңір атсалысты. Жалпы, ел аумағында 183 экологиялық акция өтті. Оған 6,2 миллионнан астам адам қатысты, олардың ішінде 229 мың ерікті бар.

Нәтижесінде 1,1 миллион тоннадан аса қоқыс жиналып, 1,6 миллионға жуық ағаш көшеті егілді.

Жоба аясында ауқымды жұмыс атқарылды: аулалар мен аумақтар тазаланды («Таза өлке», World Clean Up Day, «Өнегелі ұрпақ»), ағаш көшеттері егілді («Жасыл аймақ», Бүкілқазақстандық орман егу күні); мәдени-тарихи ескерткіштер аумағы тазартылды («Киелі мекен»); өзен-көлдер мен су тоғандарының жағалаулары ретке келтірілді («Мөлдір бұлақ», «Таза жағалау»).

Рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары айтарлықтай азайды. Егер 2018 жылы 8,7 мың қоқыс орны анықталып, оның 57 пайызы жойылса, 2024 жылы 4,8 мыңға жуық қоқыс алаңы белгілі болып, 93 пайызы жойылды.

Былтыр маусым айында @TazaQazBot чат-боты іске қосылды. Жұртшылық бұл платформаға өздері куә болған келеңсіз фактілерді хабарлай алады.

Чат-бот іске қосылған сәттен бастап 15806 өтінім түсіп, оның 14417-сі орындалды. Қалған 302-сі бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған.

Биыл «Таза Қазақстан» аясындағы экологиялық іс-шаралар наурыз айынан бастап оңтүстік және батыс өңірлерде қолға алынды. Бүгінге дейін ұйымдастырылған 11 тазалық іс-шарасына 223 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 11,6 мыңнан астамы – еріктілер.

Нәтижесінде 7,6 мың тонна қоқыс жиналып, 385 мың гектар аумақ тазартылды. Шамамен 74,1 мың жасыл желек отырғызылды.

Мұның бәрі Президент бастамасының өзекті екенін көрсетіп тұрғаны анық. Мемлекет басшысы айтқандай, «Таза Қазақстан» – бір реттік науқан емес. Ол отандастарымыздың қоршаған ортаға көзқарасын өзгертетін, өскелең ұрпақты туған жерге құрметпен қарауға тәрбиелейтін игі дәстүрге айналуға тиіс.
04/15/2025, 15:00
t.me/ruslanzheldibay/27
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
25 k
Глава государства отреагировал на обращение родителей воспитанников детско-юношеских команд хоккейного клуба «Барыс».

В письме родители выражали сильную обеспокоенность за будущее развитие детского хоккея в Казахстане, связывая это напрямую с финансовыми и организационными проблемами, вызванными бездействием нынешнего руководства клуба и надеялись на личное вмешательство Президента в этот вопрос.

В соответствии с поручением Главы государства приняты меры по обеспечению участия воспитанников ДЮСШ хоккейного клуба «Барыс» в первенстве России в сезоне 2025/26.

Все вопросы, поднятые в письме, в том числе по финансовым обязательствам клуба перед отечественными и иностранными игроками, тренерским составом, а также другими организациями, решены за счет оптимизации расходов бюджета.

В отношении должностных лиц, действия которых повлекли ухудшение финансового состояния клуба, приняты соответствующие меры взыскания.
04/11/2025, 17:50
t.me/ruslanzheldibay/26
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
12 k
Мемлекет басшысы «Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер командасы ойыншылары ата-аналарының шағымына назар аударды.

Ата-аналар хатта қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерге байланысты Қазақстандағы балалар хоккейінің келешегіне алаңдаушылықтарын жеткізген. Олардың жазуынша, аталған мәселеге клубтың қазіргі басшылығы көз жұма қараған. Сондықтан Президенттің осы іске араласуын сұраған.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселеге орай жауапты органдарға тапсырма берді. Нәтижесінде «Барыс» хоккей клубының тәрбиеленушілерін Ресейдің осы маусымдағы чемпионатына қатыстыру жұмыстары қолға алынды.

Шағымда көтерілген мәселелердің бәрі, соның ішінде клубтың отандық және шетелдік ойыншылар, жаттықтырушылар, басқа да ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелері бюджет шығындарын оңтайландыру арқылы шешімін тапты.

Клубтағы қаржылық жағдайдың нашарлауына кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шара қабылданды.
04/11/2025, 17:50
t.me/ruslanzheldibay/25
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
40 k
Глава государства поздравил боксера Жанибека Алимханулы с успешной защитой поясов чемпиона по версиям WBO и IBF в среднем весе.

Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что все соотечественники испытывают чувство гордости за спортсмена, который на родной земле достойно защитил честь страны, продемонстрировав стойкость и высокий уровень мастерства.

Президент пожелал Жанибеку новых ярких побед.
04/05/2025, 22:51
t.me/ruslanzheldibay/24
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
22 k
Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.
04/05/2025, 22:51
t.me/ruslanzheldibay/23
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
82 k
В ходе рабочей поездки в Алматы, принимая акима Ерболата Досаева, Президент Касым-Жомарт Токаев поставил ряд задач по обеспечению освещения города в вечернее время, своевременной и полной подаче воды в квартиры горожан, благоустройству улиц и дворов.

Кроме того, Глава государства указал на необходимость надлежащего проведения регулярных акций «Таза Қазақстан», озеленения города и упорядочения транспортного движения в целях повышения уровня экологичности, а также решения других вопросов, волнующих жителей мегаполиса.

Акиму поручено усилить управленческую деятельность для наведения должного порядка в самом крупном городе, укрепления его статуса как финансового, спортивного, туристического и культурного хаба страны.

Аким будет докладывать раз в две недели о проведенной работе и принятых мерах непосредственно Президенту.
03/30/2025, 20:03
t.me/ruslanzheldibay/22
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
22 k
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты әрі өз деңгейінде өткізудің, қаланы көгалдандырудың, экологиялық ахуалды жақсарту үшін көлік қозғалысын реттеудің, сондай-ақ алматылықтарды алаңдататын басқа да мәселелерді шешудің маңызын атап өтті.

Ерболат Досаевқа еліміздің ең ірі қаласының қаржы, спорт, туристік әрі мәдени хабы ретіндегі мәртебесін нығайту және тиісті тәртіпке келтіру үшін басқару қызметін күшейту тапсырылды.

Қала әкімі Президентке жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы екі аптада бір рет баяндап отырады.
03/30/2025, 20:03
t.me/ruslanzheldibay/21
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
3.7 k
Состоявшаяся в Алматы неформальная встреча президентов Касым-Жомарта Токаева и Шавката Мирзиёева стала важным шагом в сближении братских народов Казахстана и Узбекистана.

Главы государств не в первый раз общаются в подобном формате: в 2023 году они встречались в Шымкенте, а в 2024 году — в Хиве.

Регулярный характер встреч свидетельствует о высоком уровне взаимопонимания и доверия, установившемся между президентами.

Переговоры в Алматы стали успешными и весьма содержательными. Главы государств затронули ключевые вопросы торгово-экономического, инвестиционного, транспортно-логистического сотрудничества. Отдельное внимание было уделено региональной повестке.

Несмотря на то что изначально в планах не было подписания каких-либо соглашений, президенты отдали ряд поручений профильным вице-премьерам и министрам.

В частности, речь шла о расширении товарооборота, наращивании транспортного сообщения, укреплении связей между регионами.

По многим поручениям обозначены конкретные сроки, и отчет правительственные чиновники должны будут представить уже к следующей встрече лидеров.

Насыщенной выдалась вся программа пребывания глав государств в Алматы.

Неподдельный интерес Шавката Мирзиёева вызвали достижения Казахстана в сфере информационных технологий и искусственного интеллекта. Глава Узбекистана подолгу останавливался у каждого стенда выставки AlmatyFair.ai, расспрашивал о деталях, особенностях различных IT-решений. Как известно, наша страна входит в число мировых лидеров по развитию GovTech и FinTech. Астана готова делиться опытом с Ташкентом.

Весьма символичным стало посещение главами государств выставки художников Абылхана Кастеева и Урала Тансыкбаева.

Здесь особый интерес представляет личность Урала Тансыкбаева — этнического казаха, родившегося в Ташкенте и ставшего одним из основоположников узбекской живописи и графики. Его работы из целого ряда музеев Узбекистана впервые были столь масштабно представлены казахскому зрителю. Эта выставка, которую, кстати, ранее открыла Саида Мирзиёева, помощник Президента Узбекистана, стала подлинным примером общности культур наших народов. Безусловно, подобные мероприятия должны получить свое продолжение.

В целом рабочий визит Шавката Мирзиёева в Алматы оказался весьма насыщенным и результативным. У наших стран есть совместные планы и, самое главное, добрая воля и поддержка двух президентов.

Тесные контакты Астаны и Ташкента уже стали драйвером укрепления межгосударственных связей и поддержания стабильности по всей Центральной Азии.

Не случайно Глава нашего государства подчеркнул, что от того, как складываются взаимоотношения между нашими странами, в значительной степени зависит и ситуация во всём регионе.

Уверен, что неформальные встречи президентов, которые уже стали традиционными, и впредь будут наполнять новым содержанием казахско-узбекские отношения, подчеркивая их поистине братский, дружественный и союзнический характер.
03/29/2025, 23:02
t.me/ruslanzheldibay/20
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
1.3 k
Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің Алматыда өткен бейресми кездесуі бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан халықтарын жақындастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Бұл мемлекеттер басшыларының дәл осындай форматтағы алғашқы кездесуі емес. Президенттер 2023 жылы Шымкентте, ал 2024 жылы Хиуада бейресми жүздескен болатын.

Мұндай кездесулердің тұрақты түрде өтуі – президенттердің жоғары деңгейдегі өзара түсіністігі мен сенімі қалыптасқанын көрсетеді.

Алматыдағы келіссөз мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Аймақтық күн тәртібі де назардан тыс қалған жоқ.

Қандайда бір келісімдерге қол қою жоспарда болмаса да, президенттер жауапты вице-премьерлер мен министрлерге бірқатар тапсырма берді.

Атап айтқанда, тауар айналымын ұлғайту, көлік қатынастарын арттыру және өңірлер арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Біраз тапсырманың нақты мерзімдері белгіленді. Үкімет мүшелері мемлекеттер басшыларының келесі кездесуінде жүктелген міндеттердің нәтижесі жөнінде есеп беруге тиіс.

Президенттердің Алматыдағы жұмыс сапарының бағдарламасы іс-шараға толы болды.

Шавкат Мирзиёев Қазақстанның ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктеріне қызығушылық танытты. Өзбек елінің басшысы AlmatyFair.ai көрмесіндегі әр стендке аялдап, түрлі IT-шешімдердің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі сұрады. Өздеріңізге мәлім, еліміз GovTech және FinTech дамуы бойынша әлемдік көшбасшылардың санатына енеді. Астана өз тәжірибесін Ташкентпен бөлісуге дайын.

Мемлекеттер басшылары белгілі суретшілер Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың көрмесін тамашалады. Бұл символдық мәнге ие оқиға болды.

Жалпы Орал Таңсықбаевтың өмір жолында біршама қызық деректер бар. Ол – Ташкентте дүниеге келген, этникалық қазақ. Өзбекстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаған. Оның Өзбекстан музейлеріндегі туындылары Қазақстан жұртшылығына кең көлемде алғаш рет ұсынылып отыр. Осыдан біраз бұрын аталған көрмені Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева ашқан болатын. Бұдан біз халықтарымыздың мәдениеті ортақ екенін көреміз. Мұндай іс-шаралар сөзсіз жалғасуы керек.

Шавкат Мирзиёевтің Алматыға жұмыс сапары мазмұнды әрі табысты болды. Өзара бірлескен жоспарлар, ең бастысы, екі ел президенттерінің ерік-жігері мен қолдауы бар.

Астана мен Ташкенттің тығыз байланысы тұтас Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынасты нығайту мен тұрақтылықты сақтаудың қозғаушы күшіне айналып үлгерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі жағдай елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың өрбуіне байланысты деп айтқаны тегін емес.

Президенттердің дәстүрге айналған осындай бейресми кездесулері алдағы уақытта да шын мәніндегі бауырластық, достық және одақтастық сипаттағы қазақ-өзбек қатынастарының мән-мазмұнын байыта түсеріне сенімдімін.
03/29/2025, 23:02
t.me/ruslanzheldibay/19
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
27 k
✉️ В связи с кончиной известного предпринимателя и общественного деятеля Александра Машкевича Президент Касым-Жомарт Токаев направил родственникам покойного телеграмму, в которой выразил соболезнования и отметил его заслуги в развитии индустрии Казахстана.
03/22/2025, 20:52
t.me/ruslanzheldibay/18
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
836
✉️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті.
03/22/2025, 20:51
t.me/ruslanzheldibay/17
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
1.1 k
🇰🇿🇺🇸АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

– Америка Құрама Штаттарының атынан Сізді және барша Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бұл – ынтымақ пен жаңарудың мерекесі. Біздің мемлекеттерімізді ұзақ жылдардан бері қалыптасқан өзара тиімді ықпалдастық байланыстырады. Алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және басқа да салаларда жаңа жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.

Біздің жасампаз елдеріміз табысты жолға қадам басқан кезеңде, Америка халқы Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын әрдайым қолдайды, – деп жазған Дональд Трамп өзінің құттықтау жеделхатында.
__

🇰🇿🇺🇸Президент США Дональд Трамп поздравил Главу государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Наурыз

– От имени Соединенных Штатов Америки поздравляю Вас и весь народ Казахстана с прекрасным Наурызом –праздником мира и всеобщего обновления. Наши страны связывает долгая история взаимовыгодного сотрудничества, и я уверен, что в будущем мы добьемся новых успехов в сферах безопасности, экономики и других областях.

В то время как наши великие нации устремлены к новым достижениям, американский народ подтверждает свою неизменную приверженность суверенитету, независимости и территориальной целостности Казахстана, – написал Дональд Трамп в своем поздравительном письме.
03/21/2025, 14:21
t.me/ruslanzheldibay/16
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
316
🇰🇿🇨🇳ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президентін Наурыз мерекесімен құттықтады

– Наурыз – көктемнің келуі мен табиғаттың оянғанын білдіретін мереке. Бұл мейрам Қазақстан халқының игілікке, ынтымақ пен өрлеуге ұмтылысымен ұштасады. Былтыр шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен барып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатыстым. Біз қытай-қазақ қарым-қатынастары бойынша маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Мен екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән беремін және Сізбен берік достығымды мақтан тұтамын. Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достықты нығайтып, екі елдің мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін күш-жігерімізді біріктіруге дайынмын, – делінген жеделхатта.

__

🇰🇿🇨🇳Председатель КНР Си Цзиньпин поздравил Президента Казахстана с праздником Наурыз

– Наурыз – это праздник, символизирующий начало весны и возрождение природы. Он олицетворяет устремление народа Казахстана к благополучию, единству и процветанию. В июле прошлого года я посетил Казахстан с государственным визитом и принял участие в саммите Шанхайской организации сотрудничества. Мы с Вами достигли важных договоренностей по китайско-казахстанским отношениям. Я уделяю повышенное внимание развитию двустороннего сотрудничества и дорожу крепкой дружбой с Вами. Выражаю готовность направить наши совместные усилия на укрепление традиционной дружбы и углубление вечного всестороннего стратегического партнерства между Китаем и Казахстаном, – говорится в телеграмме.
03/21/2025, 14:20
t.me/ruslanzheldibay/15
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
340
🇰🇿🇷🇺Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

– Сізді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ресей-Қазақстан қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында табысты дамып келеді. Достас халықтарымыздың игілігі жолында, Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында өзара тиімді байланыстарды одан әрі арттыру үшін ортақ күш біріктіретінімізге сенімдімін. Осынау шуақты мерекеде Сізге зор денсаулық, табыс, ал Қазақстан халқына бақыт пен өркендеу тілеймін, – делінген Ресей Президентінің жеделхатында.
__

🇰🇿🇷🇺Свои поздравления Главе нашего государства по случаю праздника направил Президент России Владимир Путин

– Примите самые искренние поздравления по случаю весеннего праздника Наурыз. Российско-казахстанские отношения успешно развиваются в духе стратегического партнерства и союзничества. Уверен, что совместными усилиями мы будем и впредь активно наращивать взаимовыгодные двусторонние связи – на благо наших дружественных народов, в интересах упрочения безопасности и стабильности на евразийском пространстве. Желаю Вам в этот светлый праздничный день крепкого здоровья и успехов, а всем гражданам Казахстана – счастья и процветания, – говорится в телеграмме.
03/21/2025, 14:20
t.me/ruslanzheldibay/14
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
40 k
Президент Касым-Жомарт Токаев приветствует итоги телефонных переговоров президентов Владимира Путина и Дональда Трампа по Украине

✔️Глава нашего государства считает, что лидеры двух стран показали стремление к достижению долгосрочного мира на основе конкретных договоренностей, что крайне необходимо для обеспечения Евразийской безопасности.

✔️Ранее Президент Казахстана призывал все вовлеченные державы к началу переговорного процесса по Украине с целью выработки «формулы мира» и на саммите БРИКС поддержал мирный план Китая и Бразилии.
03/18/2025, 21:06
t.me/ruslanzheldibay/13
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
14 k
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды

✔️Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды.

✔️Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.
03/18/2025, 21:05
t.me/ruslanzheldibay/12
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
31 k
Глава государства провел заседание Совета Безопасности Республики Казахстан

▪️В ходе заседания состоялся предметный разговор с критическими замечаниями в адрес всех профильных ведомств. Глава государства указал на необходимость усиления совместной скоординированной работы, направленной на противодействие экстремизму, терроризму, а также укрепление национальной безопасности во всех ее проявлениях.

▪️Президент Касым-Жомарт Токаев выступил с анализом состояния дел в этих сферах, отметив чрезвычайную важность организации работы на основе концепции «Закон и Порядок».

▪️Он подчеркнул исключительную актуальность обеспечения продовольственной и экологической безопасности, развития цифровых инструментов и искусственного интеллекта с целью решения проблем, волнующих граждан страны.

▪️Глава государства поручил Правительству направить усилия на реализацию программы строительства Справедливого Казахстана в интересах всего общества.
03/18/2025, 12:17
t.me/ruslanzheldibay/11
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
5.6 k
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

▪️Жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып, егжей-тегжейлі талқылау өтті. Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударды.

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, аталған салалардағы жағдайға талдау жасады.

▪️Президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталды.

▪️Мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін Үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырды.
03/18/2025, 12:17
t.me/ruslanzheldibay/10
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
27 k
Президент Касым-Жомарт Токаев примет участие в IV заседании Национального курултая, которое состоится 14 марта в Бурабае

В ходе мероприятия Глава государства выступит с речью, а члены Курултая выскажут свои предложения по актуальным проблемам общественной жизни.

Предыдущие заседания Национального курултая проходили:

🔵2022 год – в Улытау;
🔵2023 год – в Туркестане;
🔵2024 год – в Атырау.
03/13/2025, 07:00
t.me/ruslanzheldibay/9
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
14 k
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

🔵2022 жылы – Ұлытауда;
🔵2023 жылы – Түркістанда;
🔵2024 жылы – Атырауда өтті.
03/13/2025, 07:00
t.me/ruslanzheldibay/8
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
46 k
Глава государства Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о ситуации с захватом заложницы в аэропорту Алматы.

Президент отметил смелость и сноровку мужчины, обезвредившего преступника, и поручил представить его к государственной награде.
03/07/2025, 11:56
t.me/ruslanzheldibay/7
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
11 k
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар.

Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.
03/07/2025, 11:56
t.me/ruslanzheldibay/6
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
29 k
🇰🇿🇺🇳Сегодня, при соавторстве 152 стран, Генеральная Ассамблея ООН консенсусом приняла резолюцию об учреждении в Алматы Регионального центра ООН по Целям устойчивого развития для Центральной Азии и Афганистана.

Это значимый внешнеполитический успех Казахстана.

Глава государства выразил признательность всем государствам-партнерам за поддержку казахстанской инициативы.

Президент считает, что Региональный хаб ООН станет важной платформой для координации международных усилий в регионе.
03/04/2025, 20:06
t.me/ruslanzheldibay/5
RU
Ruslan Zheldibay
1 844 subscribers
12 k
🇰🇿🇺🇳Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады.

Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі.

Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктес мемлекеттерге ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады.
03/04/2025, 20:05
t.me/ruslanzheldibay/4
Search results are limited to 100 messages.
Some features are available to premium users only.
You need to buy subscription to use them.
Filter
Message type
Similar message chronology:
Newest first
Similar messages not found
Messages
Find similar avatars
Channels 0
High
Title
Subscribers
No results match your search criteria