ҚПЛ. 3-Тур. Төменде қысқаша статистикалық көрсеткіштер 📈📊
📣Бұл турдағы 7 матчта алаң иелері 1 рет жеңіске жетті, 2 матчта қонақ команда жеңді, қалған 3 матчта тең есеп тіркелді.
📊Турдың алғашқы голын "батыс дербиінде" ақтөбелік Уче Агбо (8') "Атырау" қақпасына соқса, соңғы голды "Елімайдың" ойыншысы Флореску Эдуард-Мариан "Тобыл" қақпасына ойынның 90+2' соқты.
📈Жалпы турда 18 гол соғылды, оның 4-і қазақстандықтарға тиесілі, қалған 14 голды легионерлер өз еншісіне жазды. Турда 1 хет-трик (Марин Томасов, "Астана"), 1 дубль (Айбар Жақсылықов, "Қайсар"), 4 пенальти (Г.Зариа, "Қайрат", А.Жақсылықов "Қайсар", Н. Солодовников "Ұлытау", Флореску "Елімай") және Гильерме де Мораиш "Атырау" орындауында 1 автоголдың куәсі болдық.
👥️Турда соғылған гол авторларының ең жасы Дархан Бердібек ("Ақтөбе", 20 жас), жасы үлкені Марин Томасов ("Астана", 37 жас).
🟨🟥 Жалпы, осы турда төрешілер төс қалтасынан 39 "айып" қағаздарын алып шықты. Оның ішінде 36 сары қағаз, 3 қызыл қағаз. Турда тәртіп бұзу жағынан "Тұран"-"Қайрат" матчы көш басында (9 СҚ, 1 ҚҚ), тұрандықтар 5 СҚ, алматылықтар 4 СҚ, 1 ҚҚ еншіледі. "Атырау", "Оқжетпес" және "Ұлытау" ойыншылары ең аз тәртіп бұзғандар қатарында (1СҚ).
⛔️3 турда бір де бір гол соқпаған "Ордабасы" командасы болса, ал жеңіске жетпеген командалар қатарында "Жеңіс", "Ұлытау", "Қайсар", "Жетісу", "Қызылжар" және "Ордабасы".
🎯3-турдан кейін сұрмергендер көшін "Астананың" ойыншысы Марин Томасов 4 голмен баст
ап тұр.
https://t.me/dopstatkpl жазылып қой, қызықты статистикаға қанық бол:)