Your trial period has ended!
For full access to functionality, please pay for a premium subscription
TI
Тіл кеспек жоқ
https://t.me/tilkespekjoq
Channel age
Created
Language
Kazakh
3.07%
ER (week)
12.05%
ERR (week)

Либерал қазақ басылымы

Жаңалық ұсыну @nazerkenb

YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn

Messages Statistics
Reposts and citations
Publication networks
Satellites
Contacts
History
Top categories
Main categories of messages will appear here.
Top mentions
The most frequent mentions of people, organizations and places appear here.
Found 797 results
1
15
«Билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме, даурықпа сөз» — Ерлан Карин

Әдеттегідей, Тоқаевтың сөзінен кейін келесі күні мемкеңесші Ерлан Карин оның мағынасын түсіндіріп берді. Түсініктеме оның Facebook парақшасында жарияланды.

Кариннің айтуынша, әлеуметтік желілердегі наразы пікірлер «негізсіз және даурықпа сөз». Ал Ассамблея сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мәртебесіне қатысты ұстанымын тағы да нақтылап айтқан.

Кешеден бері әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілдің мәртебесіне қатысты әртүрлі пікір айтылып, қызу талқының тақырыбына айналғанын көріп отырмыз. Ой бөліскен, көзқарасты ашық білдірген дұрыс. Бірақ «билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме, даурықпа сөз. Аттанға салып, айғайға басып, жоқ жерден шу шығаратындай ештеңе болған жоқ.

Қарин қазақ тілінің болашағына қатысты пессимистік көзқарастан арылу керек екенін айтты. Оның сөзінше, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі жыл өткен сайын артып келеді.

«Ең бастысы, қазақ тілі – жастардың тіліне айналды. Жас ғалымдар, өнерпаздар, кәсіпкерлер ана тілімізді кеңінен қолданып, өз бағыттарында барынша дамытып жатыр. Демек «қазақ тілінің болашағы жоқ» деп айту ешқандай қисынға келмейді»
деп жазды Карин.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/26/2025, 08:36
t.me/tilkespekjoq/14861
12
358
⚡️Астана соты блогер Әли-Әскер Байғожинді ақтады

Бұл туралы блогердің адвокаттары «Власть» сайтына айтқан. Әкімшілік іс құқық бұзу құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Айта кетейік, Әли-Әскер Байғожиннің үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Әкімшілік іске «Ганюшкин департаменті» деген сатиралық сериалындағы кейіпкер себеп болған.

Сатиралық сериалда блогер «Сәкен» деген құқық қорғау органы қызметкерінің рөлін сомдайды.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 16:55
t.me/tilkespekjoq/14860
26
11
1.5 k
🗣 Тоқаевтың тіл туралы айтқаны қоғамда қызу талқыланып жатыр

Президент нақты қай тілді меңзеп тұрғанын айтпаса да, қазақ тіліне қатысты екені байқалады. Президенттің бұл сөздерді орысша айтқаны да жағдайды ушықтырды.

Журналист Жалғас Ертай президенттің тіл жайлы айтқандары мен бұл пікірдің салдары туралы жазды.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 15:15
t.me/tilkespekjoq/14859
24
454
‼️Журналист Думан Мұхаммедкәрімді 90 күнге карцерге қамап тастады

Бұл туралы белсенді Абзал Достияр Facebook-парақшасында жазды. Ол Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмас Тілепов хабарлағанын айтады.

«Думанды жұмыс істеуден бас тартқаны үшін қамаған екен.
Өзін жазықсыз қамалдым деп бас имей отырған Думанның құқығын кім қорғайды?», — деп жазды Абзал Достияр.

Естеріңізге сала кетейік, журналист Думан Мұхаммедкәрімді бұған дейін де 2 айға карцерге қамап тастаған.

Журналист дәретхана жуудан бас тартқаны үшін және форма кимегені үшін 6 ақпаннан бастап 60 тәулікке карцерге отырғызылған.

«Экстремизмді қаржыландырды» және «Тыйым салынған ұйым ісіне араласты» деп айыпталған Думан Мұхаммедкәрімді сот жеті жылға бас бостандығынан айырған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/25/2025, 14:19
t.me/tilkespekjoq/14858
16
455
👀 Қазақстанда бәрі мүмкін

Ақмола облысында шенеунік 2 жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

«Аудан орталығының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Пәтер қайтарылып, балаға берілді. Қазір басқа балалардың құқығын қалпына келтіру шаралары қабылданып жатыр», — делінген хабарламада.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 13:56
t.me/tilkespekjoq/14857
17
1
475
⚡️«Кәмелетке толмаған қыздарын Сириядағы лаңкестерге күйеуге бермек болды» деген астаналық әйел сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Полиция күдіктіні Алматы әуежайында ұстаған. Ол Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалаған. Сот үкімімен әйел 7 жылға сотталды.

«Астаналық әйел Telegram арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдарды таратқан және кәмелетке толмаған 2 қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды көздеген», — деп жазылған хабарламада.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 13:05
t.me/tilkespekjoq/14856
11
1
502
🌊 Есіл өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асты

Кейінгі екі сағатта +4 см-ге көтеріліп, 1137 см-ге жеткен. Қала маңындағы елдімекендерге қауіп төнді.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде болады деп мәлімдеген.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 11:44
t.me/tilkespekjoq/14855
62
7
527
👀 Қасым-Жомарт Тоқаевқа мына сатушы баладан көп нәрсе үйрену керек сияқты

Қысқасы, Sergio деген блогер кәдесый сатып алу үшін базарға барған. Блогер магнит сатып алып, орыс тілінде «Спасибо» деген.

Осы кезде сатушы бала «No, спасибо. Ол орысша. Қазақша «Рақмет» деп айтасыз» деп жауап берген.

Желіде сатушы баланың бұл әрекетіне риза болып жатқандар жетерлік. Көп адам балаға мақтау жаудырып жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 11:14
t.me/tilkespekjoq/14854
31
585
😐 Боксшы Назым Қызайбай өткен жылғы Олимпиада жүлдесі үшін берілетін пәтер мен сыйақыны ала алмаған

Бұл туралы боксшы Tengri Sport сайтына айтып берген.

«Олимпиада ойындарындағы қола жүлде үшін берілетін 75 мың доллар сыйақыны әлі жіберген жоқ. Басқа спортшылар да әлі алған жоқ. Меніңше, ешкімге берілмеген сияқты. Өйткені жеке өзім естіген жоқпын», — дейді Назым Қызайбай.

Ол Алматы әкімдігі сыйлаған пәтер кілті де әлі табысталмағанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, «Пәтер екі айда беріледі» деген, бірақ уақытылы берілмеген.

Алматы қаласының спорт басқармасы ЗНУВ-тағы әріптестерге спортшыларға пәтер енді табысталатынын айтқан.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 2024 жылы өткен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 10:19
t.me/tilkespekjoq/14853
⚡️Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде Өзбекстан азаматы қаза болды

Бұл туралы Өзбекстанның Түркиядағы бас консулдығы хабарлады.

«Оқиға Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабатта болған азаматтың қатты үрейге салынуынан болған», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Ыстамбұлдағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтарынан өтініш түспеген.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 09:57
t.me/tilkespekjoq/14852
23
630
🤔 «Владимир, тоқтат!»: Дональд Трамп Truth Social желісінде соғысты тоқтату туралы жазба жазды.

«Ресейдің Киевке жасаған соққысына көңілім толмайды. Қажет емес емес еді және сәтсіз уақытта жасалды. Владимир, тоқтат! Апта сайын бес мың солдат өліп жатыр. Келісімге келейік!», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Ресейдің Киевке шабуылынан кемі 10 адам қаза болып, 90 адам жараланған.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 09:00
t.me/tilkespekjoq/14851
31
3
668
😍 2025 жылы 3203 қазақ тарихи отанына оралды

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қазақтар келген елдер:

• Қытай — 48,1%
• Өзбекстан — 39,5%
• Түрікменстан — 5,8%

Елге келген қазақтар республиканың түрлі өңіріне қоныстанған.

1991 жылдан бері 1 млн 151 мыңнан астам қазақ Қазақстанға оралған.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
04/25/2025, 08:00
t.me/tilkespekjoq/14850
40
3
817
🇺🇦 Трамп пен Путин соғысты тоқтату туралы алдын ала келісімге келгенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтату туралы алдын ала келісімге келгенін жариялады. Алайда, келісімді жүзеге асыру үшін Украина тарапынан келісім қажет.

Трамптың айтуынша, жоспар бойынша Ресей Қырым мен Украинаның 20%-ына жуық аумағын сақтап қалады, ал Украина НАТО-ға кірмейді. Бұл ұсынысқа Украина президенті Владимир Зеленский қарсылық білдіріп, Қырымды Ресейге беру Конституцияға қайшы екенін айтты.

Трамп Зеленскийді келіссөздерді баяулатып отыр деп айыптады және АҚШ келіссөздерден мүлде бас тартуы мүмкін екенін ескертті.

Путин тікелей Киевпен келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/24/2025, 14:24
t.me/tilkespekjoq/14849
28
9
913
🚨🥲 Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды

TikTok жұлдыздарының бүгін жолы болмай жатыр. Қыркүйекте босап шыққан блогер Мұрат Әбділдә шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу тәртібін бұзғаны үшін қайтадан түрмеге қамалды. Сот шешімімен оның бостандыққа шығуының күші жойылып, қалған екі жыл жазасын түрмеде өтейтін болды.

Сот материалдарына сәйкес, Әбділдәға түнде үйде болу міндеттелген, алайда полиция оның бұл талапты бірнеше рет бұзғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынған. Сот оның режимді жүйелі түрде бұзғанын анықтады.

Мұрат Әбділдә — Қазақстанда TikTok-та тікелей эфирде ән айтып, қалжыңдап, эпатажды стримдерімен танылған блогер. Оның видеолары әлеуметтік желіде тез тарап, жиі резонанс тудыратын.

2022 жылы ол ҚР ҚК 174-бабы бойынша — әлеуметтік, ұлттық және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл оның алғашқы соттылығы емес. Бұған дейін де осы баппен екі рет шартты жаза алған. Бір оқиға тікелей эфир кезінде болған: Абдильда мас күйінде қазақ руларының бірінің өкілдерін қорлаған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/24/2025, 12:36
t.me/tilkespekjoq/14848
15
2
789
⚡️Qasqir_kz лақап атымен танылған Әли-Әскер Байғожиннің үстінен «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Бұған оның «Ганюшкин департаменті» атты сатиралық сериалындағы кейіпкерінің айтқан балаған сөздері себеп болған. Онда блогер «Сәкен» деген құқық қорғау органы қызметкерінің рөлін сомдайды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/24/2025, 12:20
t.me/tilkespekjoq/14847
121
4
889
Тоқаев: «Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетіндер заңмен жазаланады»

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйледі. Тоқаевтың мәлімдемелерінің мазмұны жақында өткен Ұлттық құрылтайдағы айтылған сөздерден айтарлықтай өзгеше емес.

Сессияда Тоқаев елде ешкімнің азаматтарға қай тілде сөйлеу керектігін бұйыруға құқығы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, ҰБТ тапсырушылардың 80%-ы, ал 1-сыныпқа баратындардың 70%-дан астамы қазақ тілін таңдайды.

«Бұл қазақ тілінің ешқандай қысымсыз, табиғи түрде нығайып келе жатқанын білдіреді. Провокациялық әрекеттер заңмен тоқтатылады», – деді Тоқаев.

Президент бұл сөздерін нақты қандай оқиғаға қатысты айтып отырғанын ашып көрсетпеді.

Сонымен қатар, президент құқық қорғаушылар, блогерлер мен журналистерді сынға алып, оларды «сөз еркіндігінің қорғаушысы ретінде көрсеткісі келетін араңдатушылар» деп атады.

«Олар еліміздегі әр оқиғадан саяси астар іздеп, шын мәнінде арандатушылықпен айналысып жүр. Бұлар – Қазақстаннан көшіп кеткен, шетелде отырып халқымызға тіл тигізіп, мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтар. Оларға ақша бөлген елдердің алдында есеп беріп жатыр. Демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайды», – деді ол.

Тоқаев нақты қандай азаматтарды меңзеп тұрғанын тағы да ашып айтпады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/24/2025, 11:16
t.me/tilkespekjoq/14846
21
4
812
Берденовке жасалған шабуыл Шымкентте көпқабатты үйлерді жөндеуге бөлінген 3,4 млрд теңгенің жоғалуына байланысты болуы мүмкін.

Бұл туралы BES.media өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Шымкент әкімдігінің және Respublica партиясының бірнеше өкілі шабуылдың себебі ретінде 2024–2026 жылдарға көпқабатты үйлерді жөндеуге бөлінген бюджет қаржысын атайды. Аталған 3,4 млрд теңге «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не берілген. Компания басшысы күдікті Ернар Жиенбай. Ақша тендер өткізілмей бөлінген, ал оның нақты қайда кеткені белгісіз. Қазір бұл бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Басылым жазуынша, оқиғаға дейін 10 күн бұрын әкімдікте Берденов қатысқан жиналыста Жиенбай агрессивті мінезіне байланысты залдан қуылып, артынан оны қызметінен босату мәселесі көтерілген.

«Компания қаладағы көпқабатты үйлердің капиталды жөндеуімен айналысады. Ал Берденовті қала әкімі осы саладағы тәртіп орнату үшін орынбасар етіп тағайындаған болатын», – деді дереккөз.

21 сәуірде Руслан Берденовке әкімдік маңында оқ атылды, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/24/2025, 10:13
t.me/tilkespekjoq/14845
17
2
759
⚡️Батыс Қазақстан аймағына қайта-қайта әскери дронның құлауы қоғамды алаңдата бастады. Жыл басынан бері 3 рет әскери дрон құлаған.

Әскери сарапшы құлаған дрон Ресейдікі деп топшылады. Себебі құрылғы бөлшектерінен орысша жазуды байқауға болады.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/24/2025, 08:09
t.me/tilkespekjoq/14844
6
710
⚡️Ыстамбұлдағы Қазақстанның бас консулдығына Қазақстан азаматтарынан өтініш түспеген.

Ыстамбұлдағы бас консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 16:30
t.me/tilkespekjoq/14843
10
1
675
❕🚑 Енді өмірге қауіп төнбейтін,жеңіл жарақат бойынша шақыртуларға емхана жанындағы мобильді бригада барады.

1 мамырдан бастап жедел жәрдем жұмысының тәртібіне өзгеріс енгізіледі. «Не өзгеріс тағы?» деп миыңыз ашып отса біздің жазбаны оқыңыз.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 15:06
t.me/tilkespekjoq/14842
15
4
651
‼️Ыстамбұлда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Ыстамбұлдың батысынан 80 шақырым жерде 6,92 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет анықталып жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 14:13
t.me/tilkespekjoq/14841
9
654
🤔 Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғаттала ма?

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Бәрі желі қолданушыларына байланысты» дейді.

📹 Видео: Tengri Life

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 12:52
t.me/tilkespekjoq/14840
42
625
‼️ Украина президенті Владимир Зеленский Украина Ресейдің Қырымға құзыретін ешқашан мойындамайтынын айтты.

Бұл – біздің жер, Украина халқының жері. Бұл жерде айтатын да ештеңе жоқ. Бұл Конституциямызға қайшы, — деді Украина президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты қазіргі майдан сызығында тоқтатуды ұсынған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 12:10
t.me/tilkespekjoq/14839
10
666
💬 Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналист Лұқпан Ахмедияровтың ісі жөнінде пікір білдірді.

«Лұқпан Ахмедияровтың ісі біздің құзыретімізге кірмейді. Ол Астана қаласының ішкі істер департаментінің құзырында. Екіншіден, менің білуімше, нақты адамдардан өтініш түскен. Соның аясында тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ол брифиң кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, Лұқпан Ахмедияров өзіне қылмыстық іс қозғалғанын және қорғалуға құқығы бар куә мәртебесінде екенін растаған. Журналисті Астанада ұстап, тергеген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 11:09
t.me/tilkespekjoq/14838
13
3
618
🤔 Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі ғана кітап оқиды

Биылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Бірақ Қазақстан халқын кітапқұмар деп айту қиын.

Қоғамдық саясат институтының жүргізген сауалнамасына қарағанда, Қазақстан халқының төрттен бір бөлігі ғана кітап оқиды.

Оқыған кітаптарының саны туралы сұраққа әрбір 4-ші респондент (26,5%) «Өткен жылы кем дегенде 1 кітап оқыдым» деп жауап берген.

Жауап бергендердің 52% «Кітап оқымаймын. Уақыт жоқ» деп жауап берсе, 21,4% «Кітап оқуды ұнатпаймын» деп жауап берген.

Бұл сауалнама 2023 жылдың қараша айы мен желтоқсан айында жүргізілген. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8000 Қазақстан азаматы қатысқан.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 10:03
t.me/tilkespekjoq/14835
8
603
⚡️Астанада ҰҚК қызметкерінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады.

«Алдын ала дерек бойынша 42 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҰҚК қызметкерінің денесі табылған.

ҰҚК қайтыс болған қызметкері туралы нақты ақпарат бермеген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 09:00
t.me/tilkespekjoq/14834
34
2
638
⚡️Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты қазіргі майдан сызығында тоқтатуды ұсынды.

Бұл туралы Financial Times жазды. Басылым Путин мен АҚШ-тың арнайы уәкілі Стив Уиткофф кездесуіндегі ұсыныстар туралы да жазған.

Кездесуде АҚШ Қырымды Ресей жері деп тану және Херсон, Донецк, Луганск және Запорожье облыстарының бөлігінде де-факто Мәскеу бақылауын бекітуді ұсынған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/23/2025, 08:21
t.me/tilkespekjoq/14833
19
1
653
💬 Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев марафонға талапты күшейту дұрыс емес деп есептейтінін айтты.

«Марафон — кәсіби спорт емес, бұқаралық спорт. Шектеу не талап қою дұрыс болмайды. Негізгі статистиканы алсақ, дүниежүзі бойынша 80 мың марафоншы арасында 1 адам қайтыс болады екен. Өкінішке қарай, бұл өмір. Шектеу қойғанмен 100 пайыздық шешім жоқ», — деді вице-министр.

Айта кетейік, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыдағы марафондағы қайғылы жағдайдан соң министрлік мұндай шараларға талапты күшейтетінін жазған еді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 15:09
t.me/tilkespekjoq/14832
34
7
648
⚡️Қарағанды облысында әйел жаңа туған нәрестені пойыз терезесінен лақтырып жіберген

Бұл туралы Liter.kz жазды.

Оқиға Қызылорда-Астана бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Пойыз Астанаға 20 сәуір күні таңғы сағат 5-те келуі керек болған.

Әйел пойызда өз бетімен босанған. Liter.kz келтірген куәгерлердің сөзіне қарағанда, пойыздың дәретханасы қан-қан болған.

Әйел нәрестені пойыз терезесінен лақтырып жіберген. Liter.kz сайты баланың денесі өлі табылғанын жазды.

Көліктегі полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтқан. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 13:26
t.me/tilkespekjoq/14831
36
5
1.2 k
😐 Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтында «Ақпарат саласының жағдайы туралы баяндама» шыққан.

Баяндама 8 сәуірде жарияланған. Министрліктің баяндамасын қазақ және орыс тілінде оқуға болады.

Ең қызығы — қазақша баяндаманың тақырыбы ғана қазақша. Толық мәтін орыс тілінде жазылған.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қатесін журналист Жәнібек Нұрыш байқап, жазба жазды.

«Бүгін жариялап, қате кетіпті, түзетеміз» деп ақталатын жағдай емес. Баяндаманы сайтқа 8 сәуірде жариялаған, 2 апта өтсе де түземеген», — деп жазды ол.

Бұл — мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ тіліне бей-жей қараған бірінші жағдай емес.

Осы министрліктің қолдауымен жұмыс істейтін сайт қазақша сөзді қате-қате аударғанын жазғанбыз.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 11:46
t.me/tilkespekjoq/14829
5
1.2 k
04/22/2025, 11:46
t.me/tilkespekjoq/14830
4
598
04/22/2025, 11:02
t.me/tilkespekjoq/14828
16
4
624
😯 Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасының ортаңғы бөлігі опырылып түскен.

5 қабатты ғимарат 1972 жылы салынған. Бұл нысан апатты деп танылып, 2023 жылдан бері ешкім тұрмаған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 11:02
t.me/tilkespekjoq/14827
😯 Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасының ортаңғы бөлігі опырылып түскен.

Ғимарат 1972 жылы салынған. Бұл нысан апатты деп танылып, 2023 жылдан бері ешкім тұрмаған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 11:02
t.me/tilkespekjoq/14825
04/22/2025, 11:02
t.me/tilkespekjoq/14826
10
637
⚡️Дина Смайылова Черногориядан босқын мәртебесін сұраған

Бұл туралы Қазақстанның бас прокуратурасы хабарлады. 

«15 сәуір күні Черногория соты Смайылованы қамаудан босатты. Бұл шешім оның Черногориядан босқын мәртебесін беру туралы өтінішінің әлі қаралмауына байланысты қабылданған», — делінген хабарламада.

Дина Смайылова 2021 жылы Қазақстаннан кетіп қалған. Оған 2023 жылы іздеу жарияланған. Дина Смайылова «Заңсыз ақша жинады» деген күдікке ілінген.

Естеріңізге сала кетейік, Черногория жоғарғы соты Дина Смайылованы Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 10:14
t.me/tilkespekjoq/14824
9
649
💬 Денсаулық сақтау басқармасы «Руслан Берденовтің өміріне қауіп жоқ» деп пікір білдірді.

«Өміріне қауіп жоқ. Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында», — делінген хабарламада.

Желіде Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты түрлі долбар, түрлі пікір айтылып жатыр.

«Оқ атқан адам әкімдік қызметкері болуы мүмкін» деген де жаңалық шықты. Бірақ ресми органдар бұл ақпаратты растамады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 09:42
t.me/tilkespekjoq/14823
29
720
⚡️Жазушы Әкім Тарази қайтыс болды

Қаралы хабарды Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы жеткізді. Жазушы 91 жасында қайтыс болды.

Әкім Тарази — жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Әкім Тарази «Ақбердінің ауласы», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» және тағы басқа шығармалар авторы.

Әкім Тарази қазақ киносының алтын қорына қосылған «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай» кинотуындыларының сценарийін жазған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 09:08
t.me/tilkespekjoq/14822
12
3
743
‼️Астанада ҰҚК қызметкерінің денесі табылды

Бұл ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

«Биыл 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК қайтыс болған қызметкері туралы нақты ақпарат бермеген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/22/2025, 08:30
t.me/tilkespekjoq/14821
18
3
808
«Руслан Берденов тірі. Қазір операцияда. Оған үш рет оқ атылды. Екі оқ тиді. Маңызды дене мүшелері зақымдалмады», — деп жазды Бейбіт Әлібеков.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 20:40
t.me/tilkespekjoq/14820
25
11
863
‼️ Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.

Ол жарақат алған. Қазір ауруханада жатыр.
Оқ атқан адам ұсталды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 20:33
t.me/tilkespekjoq/14819
57
1
825
😳 Өзбекстан тарихшысы Борис Голендер «Қазақ хандығы болмаған» деген пікір білдірді

Ол «Қазақтардың қаласы да, өз мемлекеті де болған емес» дейді.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 16:03
t.me/tilkespekjoq/14818
26
1
739
🫢 Ішкі істер министрінің орынбасары Ресей жағында соғысқан екі Қазақстан азаматының тұтқыннан босап шыққанынан хабарсыз.

Журналистер «Ресей жағында соғысып, тұтқынға түскен екі азамат Қазақстанға келсе жазалана ма?» деген сұраққа жауап алғысы келген.

Бірақ ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Ол «Ақпарат жоқ» деп құтылуға тырысты.

«Бізде ондай ақпарат жоқ. Сондықтан түсініктеме бере алмаймын. Бұл ішкі істер министрлігінің құзыретіне кірмейтін мәселе. Біздің басты міндетіміз — қылмыстың алдын алу және оны ашу», — деді ол.

📹 Видео: UlysMedia

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 15:22
t.me/tilkespekjoq/14817
8
756
⚡️«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Bes Media сайтына айтқан.

Хасан Қасымбаевқа айып тағылып, қамауға алынған. Санжар Әділов нақты қандай айып тағылғанын айтпаған.

Естеріңізге сала кетейік, Шерзат Полаттың өлімінен кейін Хасан Қасымбаев деген азаматтың есімі жиі аталған.

Жұрт Хасан Қасымбаевты «Хутор» бандасының басшысы деп жазған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 14:15
t.me/tilkespekjoq/14816
17
667
🏃‍♂️Жартылай марафон кезінде көз жұмған қатысушылардың бірі — Аққоян Рысәлиев 2021 жылдан бері Алматыдағы марафондарға тұрақты түрде қатысып келген.

Толық көру үшін видеоға өтіңіз👀👆🏻

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 13:03
t.me/tilkespekjoq/14815
3
634
04/21/2025, 12:12
t.me/tilkespekjoq/14812
21
3
595
АҚШ-та демалыс күндері Дональд Трамп әкімшілігінің саясатына қарсы наразылық акциялары өтті.

Сенбі күні мыңдаған адам көшеге шықты. Наразылар Ақ үй мен әр қаланың орталығына жиылған.

АҚШ-та саяси наразылықтар үдеп бара жатыр. Бұған дейін 50 штатта 1200-ден астам демонстрация ұйымдастырылған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 12:12
t.me/tilkespekjoq/14810
3
609
04/21/2025, 12:12
t.me/tilkespekjoq/14811
3
623
04/21/2025, 12:12
t.me/tilkespekjoq/14813
19
10
673
‼️Рим папасы Франциск 88 жасында қайтыс болды

Бұл туралы «Reuters» агенттігі хабарлады.

Францисктің шыны есімі — Хорхе Марио Бергольо. Франциск — католик шіркеуінің 266-шы понтифигі.

Ол 2013 жылы сайланған. Франциск денсаулығына байланысты тақтан түскен XVI Бенедиктті алмастырған.

Ол Пасха мерекесінде Ватикандағы Қасиетті Петр алаңына жиналғандардың алдына шыққан.

Айта кетейік, Рим папасының ауырып жүргеніне біршама уақыт болған. Ол өкпе инфекциясымен ауырған.

Естеріңізге сала кетейік, Рим папасы 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстанға келіп, президентпен кездескен.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 11:07
t.me/tilkespekjoq/14809
9
1
612
😳 2025 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 40 адам қаза болған

2025 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 293 адам зардап шегіп, 40 адам қаза болған. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекциясы хабарлады.

Жазатайым оқиғаларға негіз болған себептер:

• Жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмау;

• Жәбірленушінің абайсыздығы;

• Жол ережелерін бұзу;

• Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидаларын бұзу.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 10:40
t.me/tilkespekjoq/14808
7
590
⚡️Туризм жəне спорт министрі Ербол Мырзабосынов марафондағы екі адамның қазасынан кейін мәлімдеме жасады. Министр не деді?

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 09:51
t.me/tilkespekjoq/14807
40
1
609
😳 АҚШ Қырымды Ресей жері деп тануы мүмкін

АҚШ Қырымды Ресей жері деп мойындауға дайын. Бұл туралы Bloomberg жазды. Басылым АҚШ билігінің риторикасына назар аударған.

Айта кетейік, мемлекеттік хатшы Марко Рубио келіссөз жедел жүрмесе, АҚШ келіссөзге араласудан бас тартуы мүмкін екенін айтқан.

Мемлекеттік хатшы АҚШ мәмілеге апталап, айлап уақыт құртпайтынын жеткізген. Дональд Трамп та осындай мәлімдеме жасады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 09:23
t.me/tilkespekjoq/14806
23
1
649
⚡️Тұтқын алмасу кезінде Ресей жағында соғысқан екі Қазақстан азаматы босатылды

Ресейлік «Наш выход» ұйымы тұтқын алмасу кезінде босаған азаматтардың аты-жөні жазылған тізім жариялады.

Тізімде 2002 жылғы Ерболат Ордабаев пен 2005 жылғы Шерхан Егамбердиев бар. Олардың соғысқа қалай аттанғаны белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстан заңы бойынша, шетелдегі соғысқа қатысу қылмыс. Мұндай әрекет үшін жаза қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін украиналық «Хочу жить» ұйымы Ресей жағында соғысып жүрген/соғысқан 600-ден астам Қазақстан азаматының тізімін жариялаған еді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 08:36
t.me/tilkespekjoq/14805
5
708
Қайырлы таң, оқырман!😊🫶🏻

Назарларыңызға демалыс күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз:

• Алматыдағы марафон кезінде екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Almaty Marathon хабарлады. Марафон кезінде 84 жастағы Аққоян Рысалиев пен 21 жасар Нұрбол Ахмадидің жүрегі тоқтап қалған.

• Жамбыл облысында үш қыз газдан уланып, көз жұмды. Оқиға Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыздар 3, 5 және 7 жаста болған.

• Украина мен Ресей тұтқын алмасты. Әр жаққа кемінде 246 адам қайтарылған. Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы бері Украина 4552 адамын Ресей жағынан қайтарғанын айтты.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/21/2025, 08:06
t.me/tilkespekjoq/14804
20
3
557
⚡️Қазақстандағы 51% оқушының компьютерлік сауаты жоқ

Биыл ақпан айының соңында ICILS-2023 нәтижесі шықты. ICILS — компьютерлік және ақпараттық сауат деңгейін бағалайтын халықаралық зерттеу.

Қазақстанда тестілеу орыс және қазақ тілдерінде жүргізілді. Тестке 8-сынып оқушылары қатысқан. Осы тестілеуден Қазақстан 407 балл жинады.

Қазақстан Румыния (440) мен Косовоның (379) ортасында тұр. Компьютерлік сауаты мықты, ең көп балл жинаған елдер — Корея (540) мен Чехия (525).

Негізі ICILS шкаласы 4 деңгейге бөлінеді. Қазақстандағы 51% оқушы ең төмен деңгейдегі балл жинаған. Яғни, олардың компьютерлік сауаты нашар.

Әрине, «Цифрлы Қазақстан» үшін бұл статистика тым күлкілі. Бірақ мақтанатын нәрселер де жоқ емес. Біздің елдің нәтижесі 2018 жылмен салыстырғанда өскен.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 15:46
t.me/tilkespekjoq/14803
21
1
544
💬 «Хутор» балалары көршімізді өлтіріп кеткен»: Шерзат Полаттың әкесі оқиға кезінде не үшін пышақ ұстап шыққанын түсіндірді

Қаржаубай Нұрымов пышақты қорғану мақсатында алып шыққанын айтты. Ол айыпталушылардың «Хуторскийміз» дегенінен сескенген екен.

«Осы кезге дейін қанша бала жарақат алды. «Хутордың» балалары көршімізді пышақтап, атып, өлтіріп кеткен. Сөйтіп сескеніп, өзімді, баламды, басқа балаларды қорғау мақсатында пышақ алдым», — деді ол.

Шерзат Полаттың әкесі қолына алған пышақтың май, ірімшік кесуге арналғанын айтты.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 14:41
t.me/tilkespekjoq/14802
18
3
541
😁 Челлендж жалғасып жатыр

Желіде Ақтаудағы қызметкерлердің жол жуып жатқан видеосы тарады. Видеоны жергілікті тұрғын түсірген.

Әрине, сізде «Жолы жөнделмейтін Қазақстанда қашаннан бері жол жуатын болған?» деген сұрақ болуы мүмкін.

Бұл жерде бәрі түсінікті — Ақтауға Қасым-Жомарт Тоқаев барған. Бірақ әкімдік бұл нәрсені басқаша түсіндірді.

Ақтау әкімдігі ЗНУВ-тағы әріптестерге «жолға белгісіз біреу белгісіз сұйықтық төгіп тастады» деп жауап беріпті.

Айта кетейік, президент Шымкентке барғанда шаң-шаң жерлерге жасанды газон төселген.

💬 Ал сіз қалай ойлайсыз? Бұл шынымен сәйкестік пе?

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 13:32
t.me/tilkespekjoq/14801
33
1
552
🤯 Ақтөбеде аурухана қызметкерлеріне тас төсеттіріп қойған

Желіде әйелдердің тас төсеп жатқан видеосы тарады. Видео Ақтөбеде түсірілген.

Жазба авторының сөзіне қарағанда, аурухананың еден жуушы әйелдеріне тас төсеттірген.

«Бұл — БСМП. Нақтырақ айтқанда, неврология ғимараты. Ал мына жердегі әйелдер — аурухана қызметкерлері. Оларды тас төсетуге мәжбүрлеп жатыр. Қастарында бастығы жүр», — деді ол.

Видео авторы бұл нәрсенің дұрыс емес екенін айтқан. Бірақ бастығы «Сенің жұмысың емес» деп қысқа қайырған.

«Ауыр жұмыс істетіп қойғаны дұрыс емес. Брусчатка төсеу, тас жару — құрылысшылардың жұмысы. Бұл не деген масқара? Сұрасам бастықтары «Сенің жұмысың емес» деп жауап қатты», — деді ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайдан хабардар екенін және бұл нәрсені заң бұзу деп есептемейтіні айтқан.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 12:37
t.me/tilkespekjoq/14800
21
1
528
🤩 Талғар қаласының әкімі тиктокты жарып жатыр

Енді Талғар тұрғындары әкімнің қабылдауына кезекке тұрмайды. Мәселесін комментке жазып, сұрақтарын қояды. Ал әкім тиктокта жауап береді.

🔗 Тиктокер әкім туралы осы жақтан оқыңыз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 11:56
t.me/tilkespekjoq/14799
13
520
‼️ «Қыздардан жедел жәрдем шақыруды сұрадым. Олар маған тас лақтырды»: Сотта Шерзат Полаттың анасынан жауап алынды

Шерзат Полат қазасына қатысты сотта жәбірленуші тарап жауап беріп жатыр. Кезек Шерзат Полаттың анасына келді.

Әйелдің сөзіне қарағанда, Қаржаубай Нұрымов оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырған. Бірақ олар келмеген.

«Нұрқанат Шерзатты қорғауға тырысты. Абзал бастаған топ оны ұрып-соғуды жалғастырды. … Абзал мен Нұрқияс мені де өлтірем деп қорқытты. Қаржаубай жедел жәрдем мен полиция шақырды. Бірақ ешкім жауап бермеді», — деді ол.

Шерзат Полаттың анасы айыпталушылармен бірге тұрған қыздарға да өтініш жасаған. Бірақ олар Шерзаттың анасына тас лақтырған.

«Мен сол жерде болған қыздардан жедел жәрдем шақыруды сұрадым, Олар шақырмады. Оның орнына маған тас лақтырды», — деді анасы.

Шерзат Полаттың ата-анасы ұлдарын ауруханаға өздері апаруға мәжбүр болған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 11:31
t.me/tilkespekjoq/14798
12
525
⚡️Талдықорғанда жүрген журналистердің ақпаратына қарағанда, Шерзат Полаттың әжесі есінен танып қалған. Оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 10:32
t.me/tilkespekjoq/14797
12
549
‼️«Нұрқанаттың да ажалына осылар себеп болды»: Шерзаттың әжесі сотта жауап берді

Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында Шерзат Полаттың әжесі 60 жастағы Жұмабике Қадіровадан жауап алынды.

«Жоқ дегенде 15-тей адам болды деп ойлаймын. Олар көз алдымда машинаға мініп кетті», — деді Шерзат Полаттың әжесі прокурордың «Қанша адам көрдіңіз?» деген сұрағына.

Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадірова Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне де айыпталушылар себеп болды деп есептейді.

«Нұрқанаттың да ажалына осылар себеп болды. Беттестіру кезінде Нұрқанат маған келіп «Мама, олар құмырсқаны басып кеткен адам сияқты көріп отырған жоқ, Нұрқияс «олай болса уақыт көрсетеді» деді», — деген кезде судья сөзді бөліп, оқиғаға көшуді өтінді.

Шерзат Полаттың әжесі айыпталушыларды көру де оңай емес екенін жеткізді. Ол бәрін басынан бастап еске түсіру қиын екенін айтты.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 10:11
t.me/tilkespekjoq/14796
26
546
👀 Лайк баспағаны үшін қызметкерлерін қудалаған Шымкент жастар ресурстық орталығының басшысы жазаланды.

Бұл туралы Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы Айгерім Жұмақұлова айтты.

«Қызметкерлерден әлеуметтік желіде белсенді болуды талап еткен орталық басшысының әрекеті дұрыс емес. Оған қатысты тәртіптік жаза қолданылды», — деді ол.

Айгерім Жұмақұлова бұл мәселені тыныш шешуге болар еді деп есептейді. Ол бұл нәрсені «екі қызметкер арасындағы ішкі еңбек дауы» деп түсіндірді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 09:06
t.me/tilkespekjoq/14795
129
2
646
⚡️Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті. Кремльдің баспасөз қызметі Тоқаев 9 мамырда Мәскеудегі парадқа қатысатынын жазған. Бұл туралы «Ақорда» жазбады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 08:29
t.me/tilkespekjoq/14794
9
566
⚡️Бүгін Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы жалғасады

🔗 Тікелей эфирді осы жақтан көре аласыз.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/18/2025, 08:05
t.me/tilkespekjoq/14793
10
661
⚡️Сотта Шерзат Полат қаза болған күні оқиғаның қалай өрбігені айтылды.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 16:16
t.me/tilkespekjoq/14792
13
616
19 сәуірде Қаңтар оқиғасы туралы спектакль көрсетілуі керек.

Бірақ спектакль туралы ақпарат таратуға кедергі жасалып жатыр.

Қойылым көрсеткісі келгендер афишаларын тарата алмай жүр.

Бұл туралы спектакль авторының анасы Юлия Новикова әлеуметтік желіде жазды.

💬 «Бұл өз елі үшін жүрегі ауыратын жас команданың ірі еңбегі....Бұл өзіміздің тақырып қой, бәрімізге ортақ қасірет әрі ортақ посттравматикалық синдром... Қаладағы кофейнялар мен әртүрлі орындарға барып, афишасын ілуге шықтым – көбі бас тартты!!! Неден қорқып отыр, түсінбеймін», — деп жазды ол.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 15:37
t.me/tilkespekjoq/14791
6
1
622
🤔 Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов белсенді Марат Жыланбаев туралы сұраққа нақты жауап бермеді.

Ulysmedia журналисі ішкі істер министрінің орынбасарына қамаудағы белсенді Марат Жыланбаевтың жағдайы туралы сұрақ қойған.

«Сот үкімі бойынша қазір Жыланбаев жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатыр. Жыланбаев тарапынан шағымдар жақын арада түспеген. Егер осындай шағымдар болса, қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жүгінуге болады», — деген Санжар Әділов.

Санжар Әділов «Белсендінің аштығынан хабардарсыздар ма?» деген сұрақтан «Жазбаша түрде сізге жауап беріледі» деп құтылған.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Марат Жыланбаев тағы да аштық жариялаған. Қамауда отырған белсендіге жүгіруге, сурет салуға кедергі жасалып жатқан көрінеді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 14:14
t.me/tilkespekjoq/14790
16
679
⚡️Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотта маңызды не айтылып жатыр?

• Шерзат Полат сол жақ кеуде тұсынан пышақталып, ауруханаға жеткізілген. Оның денесі мен басынан да көптеген жарақат табылған. Шерзат Полаттың өлімі 4 қазан күні түнгі сағат 01:30-да Талғар аудандық ауруханасында тіркелген.

• Қазір 9 айыпталушы сот залында отыр. Олардың біреуі — кәмелетке толмаған жасөсіпірім. Сотта айыпталушылар туралы ақпарат оқылды. Ақпаратқа қарағанда, 4 айыпталушы бұрын істі болған.

• Шерзат Полат отбасының адвокаты Мейірман Шекеев сотты Алматы облысында өткізу туралы арыз түсіретінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Талдықорғанға келу қатысушыларға ыңғайсыз.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 12:59
t.me/tilkespekjoq/14789
10
1
646
👀 Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Төлежан Барлыбаев тағайындалды. Айта кетейік, Дархан Кәлетаев елші болып тұрған тұста Ресей Украинаға басып кірген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 11:39
t.me/tilkespekjoq/14787
1
613
04/17/2025, 11:39
t.me/tilkespekjoq/14788
13
1
634
⚡️Шерзат Полаттың әжесі де сотты Алматы облысында өткізуді сұрады

«Қысымым бірде түсіп, бірде көтеріліп тұр. Сотты Алматы облысына ауыстыруды өтінемін», — деді ол.

Сотта Шерзат Полаттың әжесінің қан қысымы көтеріліп кетті.

Жедел жәрдем қызметкерлері Шерзат Полаттың әжесін сот залынан алып кетті.

📹 UlysMedia

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 10:16
t.me/tilkespekjoq/14786
7
577
⚡️Процесс кезінде айыпталушылар жағы да, қорғау жағы да сотты Алматыда өткізуді сұрады.

Бұл өтінішті айтқандар жолдың қиындығын айтып, Талдықорғанда жету оңай емес екенін жеткізді.

Бірақ судья бұл жолы да өтінішті мақұлдамады. Ол сот бәрібір Талдықорғанда өтетінін айтты.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 10:11
t.me/tilkespekjoq/14785
8
2
594
💬 Судья қатысушылардан БАҚ өкілдеріне пікір бермеуді сұрады.

«Сот аяқталғанша бұл іске қатысты пікір білдіруден бас тартуларыңызды сұраймын. Кейбір жағдайларда бұл сотқа қысым көрсету ретінде қарастырылады», — деді судья.

📸 Orda

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 09:43
t.me/tilkespekjoq/14784
4
602
⚡️Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы басталды

🔗 Тікелей эфирді осы жақтан көре аласыз.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 09:00
t.me/tilkespekjoq/14783
27
2
577
🤭 Facebook-қа кірмейтін Аружан Әлжан:

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 08:33
t.me/tilkespekjoq/14782
6
612
04/17/2025, 08:27
t.me/tilkespekjoq/14781
6
639
04/17/2025, 08:27
t.me/tilkespekjoq/14780
6
616
04/17/2025, 08:27
t.me/tilkespekjoq/14779
35
7
618
🤨 «Лайк бас!»: Шымкентте лайк баспаған қызметкерлер қудаланып жатыр

Шымкентте Facebook-желісіндегі жазбаға лайк баспаған қызметкерлер қудаланып жатыр. Бұл туралы журналист Азат Дидарбек жазды.

«Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығынан» береке қашты. Жастар орталығы өз ішіндегі қызметкерлерді қудалап, лайк баспаса, қысымға алып, ескерту жасап жатқаны жайлы қызметкерлер редакциямызға шығып жатыр», — деп жазды ол.

Ең қызығы — «Жастар ресурстық орталығы» Facebook-тағы өздері туралы жазбаға лайк баспаған қызметкерлердің тізімін жасайды екен.

Шымкент «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері ТКЖ-ға лайк баспағандардың тізімі бар екенін растады. Бірақ қызметкердің ескерту алуын «екі адамның арасындағы мәселе» деп түсіндірді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/17/2025, 08:27
t.me/tilkespekjoq/14778
14
2
638
⚡️Өскеменде «Бипэк Автоның» экс-басшысы Анатолий Балушкин мен «Азия Авто» АҚ бас директоры Ерік Сағымбаевқа қатысты сот процесі өтті.

Екеуі де Ресейде болғандықтан, сот сырттай өтті. Сот үкімімен Анатолий Балушкин сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Ерік Сағымбаев 8,6 жылға сотталды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/16/2025, 15:34
t.me/tilkespekjoq/14777
24
6
663
⚡️«Президентті мазақтау бар» деп фильмімді шығармай жатыр»: Режиссер Ермек Тұрсынов фильмін шығара алмай жүргенін айтты

Әңгіме Ермек Тұрсыновтың «Бесмойнақ» фильмі туралы болып отыр. Бұл фильм түсіріліп біткен. Бірақ түрлі себепке байланысты прокатқа шықпаған.

Режиссер «Бесмойнақ» фильмін мемлекеттік тапсырыспен түсірген. Бірақ фильм прокатқа шығатын сәтте бұйрық келіп, көрсетілімге тыйым салынған.

«Мәдениет министрлігі «Ол фильмде президентті мазақтау бар» деген желеуді алға тартты. Мен монтажды өзгертпедім. Содан кейін кино мүлдем көрсетілмеді», — деді ол Exclusive арнасына берген сұхбатында.

Әлеуметтік желіде Ермек Тұрсыновқа хейт көбейген.

«Мемлекеттің қаржысын ұрлады, кино жоқ» деген сөздер —таза жала. Фильм бар. Тек жарыққа шықпай тұр. Министрдің сол кездегі шешімі әлі күшінде», — деді ол бұл туралы.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев фильмдерді сүзгіден өткізу туралы айтқан. «Фильмді алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн» деген ол.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/16/2025, 14:01
t.me/tilkespekjoq/14776
29
5
591
👀 Сергей Лавров Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікіріне араға 3 жыл салып қарсы шықты

2022 жылы Қазақстан президенті Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев форумда Қазақстан Луганск пен Донецк тәуелсіздігін мойындамайтынын айтқан еді.

Ол территориялық тұтастықты сақтамау көптеген елдің жанжалдасуына себеп болатынын жеткізген.

Сергей Лавров «Коммерсант» басылымына Қазақстан президентінің пікірімен келісейтінін айтқан.

Ресей сыртқы істер министрі БҰҰ жарғысында ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы қарастырылғанын жеткізген.

«Мен онымен келіспеймін. Біз содан кейін қазақстандық достарымызға өз позициямызды түсіндірдік. Ол үшін территориялық тұтастық құқығы ғана бар. Қайталап айтамын: егер БҰҰ мүшесі болсаңыз, онда жарғыны тұтас құрметтеуге тиіссіз», — деген ол сұхбатта.

Ең қызығы — Сергей Лавров тым кеш реакция білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл пікірді 2022 жылы айтқан.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/16/2025, 13:05
t.me/tilkespekjoq/14775
17
1
574
⚡️Қазақстанда II дүниежүзілік соғысқа қатысқан 111 ардагер қалған

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде 83 048 ардагер тұрады. Оның ішінде II дүниежүзілік соғысқа қатысқан 111 ардагер бар», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл ардагерлер ай сайын 62 912 теңге әлеуметтік төлем алады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/16/2025, 12:16
t.me/tilkespekjoq/14774
21
602
‼️Бақытжан Төреғожина Марат Жыланбаевтың хатын жариялады

Белсенді хатта аштық жариялау мен аузын тіккені туралы айтқан. Ол «өз денсаулығы үшін аштық жариялады» деген әңгіме бос әңгіме екенін жазған.

«18 қаңтарда аузымды скрепкамен тіктім. Сол жылы 5 ай (151 күн) аштықта болдым — бұл 6 аштық. Маған бұл жерде шығармашылықпен айналысуға, стадионда жүгіруге мүмкіндік бермей жатыр. … Менің аштық жариялауым — мені қамауға қарсы наразылық», — деп жазылған хатта.

Бір айта кетерлігі, хат 7 сәуірде жазылған. Бақытжан Төреғожина Марат Жыланбаев отырған мекеме белсендінің өтініші мен шағымын шығармай жатқанын жазды.

Марат Жыланбаев — марафоншы, оппозициялық белсенді. Ол «экстремистік ұйым ісіне араласты, қаржыландырды» деп айыпталып, 7 жылға сотталған.

Қазақстан билігі Марат Жыланбаевты «саяси тұтқын» деп есептемейді. Ал белсенділер мен құқық қорғаушылар бұл істің саяси астары бар деп санайды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/16/2025, 11:05
t.me/tilkespekjoq/14773
13
2
620
🥶 Ауа райы күрт бұзылып, кей өңірде күн суып кетті

Жұрт «Бесқонақ» келді деп жатыр.

«Бесқонақ» деген қандай қонақ тағы?

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/16/2025, 10:03
t.me/tilkespekjoq/14772
39
693
⚡️Бас прокуратура Дина Смайыловаға қатысты мәлімдеме жасап, оны қылмыстық жауапқа тарту бойынша жұмыс жалғасады деді.

«Қазіргі таңда Қазақстан мен Черногория арасында адамдарды беру туралы халықаралық келісім жоқ. Сол себепті Динара Смаилованы экстрадициялау мүмкін болмай отыр», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Черногория Дина Смайылованы Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан.

Бірақ бас прокуратура Дина Смайылованы қылмыстық жауапқа тарту бойынша жұмыс жалғасады деді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/16/2025, 09:21
t.me/tilkespekjoq/14771
31
1
665
⚡️Енді Қазақстан легионерлерді бюджеттен қаржыландырмайды. Президент «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/16/2025, 08:26
t.me/tilkespekjoq/14770
38
3
734
😍 60 жылдан кейін ғарышқа тек әйелдерден құралған экипаж ұшты

Олардың арасында әнші Кэти Перри, Джефф Безостың қалыңдығы Лорен Санчес бар.

Бұл — 1963 жылғы Валентина Терешкованың сапарынан кейінгі ғарышқа ұшқан алғашқы әйелдер экипажы.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 16:17
t.me/tilkespekjoq/14769
27
2
689
😥 Ресей әскері Украинаға басып кіргелі бері Украинада кемінде 618 бала қаза болған.

Бұл туралы Украинаның бас прокуратурасы хабарлады

«Азаттық» радиосының Украин қызметінің ақпаратына қарағанда, шамамен 1884 бала жараланған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 14:44
t.me/tilkespekjoq/14768
26
3
697
🤯 Ресейде полиция қызметкерлері моншада рейд жүргізіп, келушілерге күш қолданған

Болған жағдай туралы сол күні моншада болған қырғыз азаматтары айтып берді. Олардың сөзінше, полиция моншадағыларды бес сағат бойы ұрып-соғып, азаптаған.

Қырғызстан Ресейге ресми нота жолдап, түсініктеме талап етті. Бұған қатысты Ресейдің ішкі істер министрлігі полиция заңсыз әрекет жасамады деп жоққа шығарып отыр.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 13:02
t.me/tilkespekjoq/14767
54
25
11 k
‼️ Черногория жоғарғы соты Дина Смайылованы Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

Бұл туралы «Не Молчи» қоры хабарлады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 12:21
t.me/tilkespekjoq/14766
18
702
👀 АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысқа Владимир Путинді, Джо Байденді және Владимир Зеленскийді кінәлады.

Дональд Трамп 14 сәуірде Сальвадор президенті Наиб Букелемен кездесті. Ол осы кездесуде Зеленскийді «біліксіздігі» үшін сынады.

Ол Зеленскийден бөлек екі тұлғаны айыптай сөйледі. Бірі — АҚШ-тың экс президенті Джо Байден, бірі — Ресей президенті Владимир Путин.

«Байденнің мұны аяқтауға (Украинадағы соғысты) мүмкіндігі болды. Зеленскийдің де мүмкіндігі болды. Бірақ Путин мұны ешқашан бастамауы керек еді», — деді Дональд Трамп.

АҚШ президенті «Үш адамның кесірінен миллиондаған адам өлді» деп те айтып қалған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 12:08
t.me/tilkespekjoq/14765
18
667
😥 Биыл Астанада 11 бала биіктен құлап кеткен

Бұл туралы Астананың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарма ақпаратына қарағанда, биыл Астанада 11 бала биіктен құлаған.

2 бала жедел жәрдем көлігі келгенге дейін, 2 бала ауруханада көз жұмған.

Мамандар баланы қараусыз жалғыз қалдырмауды сұрайды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 10:51
t.me/tilkespekjoq/14764
20
4
657
💖 Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні құтты болсын!

Шексіз мейірім мен шынайы махаббат тілейміз!

Ғашықтар күніне орай жүректі елжіретіп, ұлы сезімнің түрлі қырын сипаттайтын әсем әндерді жинадық.

🔗 Осы жаққа өтіп тыңдаңыз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 09:24
t.me/tilkespekjoq/14763
6
2
656
🫢 Қаскелеңде сот залынан қашып кеткен ер адам есіңізде ме?

Ол 13 күннен кейін ұсталды. Күдікті Ақши ауылынан табылған.

Облыстық полиция департаменті күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Оған қамаудан қашқаны үшін қосымша айып тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы айыпталушы Қаскелең ауданы сотының ғимаратынан қашып кеткен.

Ол «Адам зорлады» деп күдікке ілінген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 08:58
t.me/tilkespekjoq/14762
20
1
638
‼️ Черногорияда «Не Молчи» қорының жетекшісі Дина Смайылова ұсталды

Оның сөзіне қарағанда, бүгін Қазақстанға экстрадициялау бойынша сот өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы қудалауға байланысты Дина Смайылова отбасымен бірге шетелге көшуге мәжбүр болған.

Қор жетекшісіне қатысты Қазақстанда 6 қылмыстық іс қозғалған. Қордың барлық шоттары бұғатталып, Дина Смайыловаға халықаралық іздеу жарияланған.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/15/2025, 08:05
t.me/tilkespekjoq/14761
19
676
‼️ Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы Темірлан Еңсебекке шыққан сот үкіміне қатысты мәлімдеме жасады.

Бюро 2025 жылғы 11 сәуірде QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке шыққан үкім саяси сипатқа ие екенін жазған.

Адам құқықтары бюросы оппозиция белсенділері мен блогерлерді пікір білдіргені үшін қудалау жалғасып жатыр деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталған. Оған қоғамдық қызметпен айналысуға және журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

🔗 Мәлімдемені толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/14/2025, 16:02
t.me/tilkespekjoq/14760
30
6
630
🤔 «Қазақстандық қоғамдық даму институты» сауалнама жүргізіпті. Сауалнамада Қазақстан президентін қолдау бойынша сұрақтар қойылған.

Сауалнамада 2400 адамнан жауап алынған. Нәтижесінде, респонденттердің 80,2% Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіріпті.

Сенім білдіргендер президентке осы себептерге байланысты сенеді екен:

1. Шетелдермен арада жанжал болмауы;

2. Кемел саясат жүргізуі;

3. Жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруы;

4. Өмір сүру сапасын жақсартуы;

5. Елдегі тұрақтылық.

ҚҚДИ үкіметтің жұмысына байланысты да сауалнама жүргізеді. Олардың сауалнамасына сенсек, үкіметке деген қолдау өте жоғары екен.

«Біздің сауалнамамызға сәйкес ҚР үкіметіне деген қоғамның сенім деңгейі — 71,7%. Респонденттердің 84,8 % көңіл күйлерінің жақсы екенін көрсеткен», — деген ҚҚДИ басшысы Нұрбек Матжани.

ҚҚДИ 2019 жылы құрылған. Институт мәдениет және ақпарат министрлігіне қарайды.

Айта кетейік, бұған дейін Demoscope бюросы сауалнама жүргізіп, халықтың үкіметке сенімі азайғанын жазған еді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
04/14/2025, 15:03
t.me/tilkespekjoq/14758
Search results are limited to 100 messages.
Some features are available to premium users only.
You need to buy subscription to use them.
Filter
Message type
Similar message chronology:
Newest first
Similar messages not found
Messages
Find similar avatars
Channels 0
High
Title
Subscribers
No results match your search criteria