Your trial period has ended!
For full access to functionality, please pay for a premium subscription
Channel age
Created
Language
Kazakh
3.78%
ER (week)
7.01%
ERR (week)

Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Messages Statistics
Reposts and citations
Publication networks
Satellites
Contacts
History
Top categories
Main categories of messages will appear here.
Top mentions
The most frequent mentions of people, organizations and places appear here.
Found 2 353 results
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
🇰🇿🇻🇦 Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Президенттің айтуынша, Понтифик әділет пен мейірімнің, гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға еді.

– Мен Рим Папасымен кездесулерімді және оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған діни төзімділіктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған Апостолдық тарихи сапарын ыстық ықыласпен еске аламын. Рим Папасы Францисктің есімі әлем жұртшылығының есінде әрқашан бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы және конфессияаралық диалог пен келісімнің қорғаушысы ретінде мәңгі сақталады, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

@qazaqparat_kz
04/21/2025, 19:33
t.me/qazaqparat_kz/48778
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
👨‍🔬Корея ғалымдары қатты ыстық пен суыққа төтеп беретін «суперметалл» жасады

Оңтүстік Кореядағы Поханг ғылым және технология университетінің ғалымдары материалтану саласында үлкен жетістікке қол жеткізді.

Атап айтқанда, олар 196 градус Цельсийден 600 градус Цельсийге дейінгі температурада өз қасиеттерін сақтайтын қорытпа ойлап тапты. 

@qazaqparat_kz
04/21/2025, 19:02
t.me/qazaqparat_kz/48777
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 18:04
t.me/qazaqparat_kz/48775
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
100
⚡️Түркиямен парламентаралық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделіміз – Қошанов

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуштың шақыруымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және бір топ депутат Түркияға ресми сапармен барды.

Анкара қаласында депутаттар Парламент басшылығымен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен парламентаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады. 

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 18:04
t.me/qazaqparat_kz/48774
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 18:04
t.me/qazaqparat_kz/48776
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
⚡️Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды ма?

«Бірқатар БАҚ-та Хасан Қасымбаев және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істің сотқа жолданғаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жарияланды. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, қазіргі уақытта іс материалдары тараптарға танысу үшін ұсынылған. Танысу процесі аяқталғаннан кейін іс айыпталушыларды сотқа беру мәселесін шешу үшін прокуратураға жолданады»,- деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 


Еске салайық, былтыр қараша айында Хасан Қасымбаев қамауға алынған болатын.

Бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін талғарлықтар оны «Хуторские» тобының басшысы болуы мүмкін екенін айтқан еді. 

@qazaqparat_kz
04/21/2025, 17:46
t.me/qazaqparat_kz/48773
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 17:36
t.me/qazaqparat_kz/48772
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
🇰🇿🇹🇲Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды

🔵Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тарихи ескерткішті музейге айналдыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.

🔵Сонымен қатар таяуда ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды. Оның ішінде шеберханалар, ұлттық тағам түрлерін ұсынатын орындар, шығыс базары және шағын қонақ үйлер орналаспақ.

🔵Осы орайда биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» деген мәртебе берілгенін атап өткен жөн.

🔵Бұдан бөлек, визит орталықта Қазақстан Президенті мен Түрікменстанның Ұлт көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі бірегей тарихи жәдігерлермен танысты.

@qazaqparat_kz
04/21/2025, 17:36
t.me/qazaqparat_kz/48771
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
52
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

🔵Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.

🔵Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.

🔵Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 16:47
t.me/qazaqparat_kz/48769
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 16:47
t.me/qazaqparat_kz/48770
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
85
⚡️Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. 

Еске сала кетсек, 2024 жылдың тамызында сот кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы зайыбы Гүлмира Сатыбалдыны үш бап: бас бостандығынан заңсыз айыру, бопсалау және озбырлық бойынша кінәлі деп таныған болатын.

@qazaqparat_kz
04/21/2025, 16:33
t.me/qazaqparat_kz/48768
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
132
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

🔵Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

🔵Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 15:32
t.me/qazaqparat_kz/48767
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
1
⚡️Қытайда 25-ші қабаттан құлаған қыз аман қалды

Анасының айтуынша, қыз терезені ашпақ болған. Алайда құрылым берік емес болып шығып, салдарынан ол 18 қабат төмен орналасқан алаңға құлап кеткен. Оған қолының, қасүйсті доғасы және кеуде омыртқасының сынуы диагнозы қойылды. Миы жарақаттанған жоқ.

Қыз балаға бірнеше ота жасалып, 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 15:07
t.me/qazaqparat_kz/48765
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 15:07
t.me/qazaqparat_kz/48766
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
🔵1,2 миллион талап еткен: Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды

Күдікті медиа cаласындағы танымалдылығын пайдаланып, мектеп қызметкерлерін бопсалаған. «Жағымсыз ақпаратты жариялаймын» деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 14:14
t.me/qazaqparat_kz/48764
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
143
🌷Ақтөбеде қызғалдақ ұстап фотоға түскен ауыл әкімінің ісін комиссия тексеріп жатыр

Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваның гүл ұстап түскен фотосы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Қазіргі кезде полиция фотодағы гүлдің Қызыл кітапқа енген-енбегенін тексеріп жатыр.

«Кейін ғана шешімін айтып, жауапқа тарта аламыз. Ол гүлді қыздары жұлып әкелгенін, фотоға түсіп, WhatsApp мессенджеріндегі статусына қойғанын айтып отыр», — деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 13:45
t.me/qazaqparat_kz/48763
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
🗣 Марафонда екі адамның қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды ма

Бұл сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді.

«Тиісті тексеру болды. Екі адамның өлімі бойынша криминалдық мән-жай анықталмады. Бізде қылмыстық іс тек қылмыс құрамы болғанда ғана қозғалады. Аталған оқиғада қылмыстық іс қозғалмады. Тексеріс нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Бұл тұрғыда сот-медициналық сараптама орталығының тиісті актілері бар», — деді ол Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 13:16
t.me/qazaqparat_kz/48762
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
⚡Борышкерлердің жасырын табысы inDrive және Yandex арқылы анықталуы мүмкін

Бұл туралы Әділет
министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 12:30
t.me/qazaqparat_kz/48761
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 12:02
t.me/qazaqparat_kz/48759
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 12:02
t.me/qazaqparat_kz/48760
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды

➤ Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді.

🟦 Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, «Мыңжылдық» аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

🟦 Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда «Қазақстан» спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.

🟦 Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 12:02
t.me/qazaqparat_kz/48758
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
⚡Сот орындаушылар «Отбасы банк» салымшыларынан 3,4 млрд теңге жымқырған

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Үкімет сағатында жеке сот орындаушылары жасаған өрескел әрекеттерді жіпке тізгендей баяндап берді.

Депутаттың пайымдауынша, жеке сот орындаушылардың ашық тізбесін енгізу керек. 

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 11:49
t.me/qazaqparat_kz/48757
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
⚡️Рим Папасы Франциск 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 10:58
t.me/qazaqparat_kz/48756
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 10:30
t.me/qazaqparat_kz/48755
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
20
Мемлекет басшысы жастар ұсынған жобалармен танысқанын жеткізіп, әр бастамадан туған елге, табиғатқа деген қамқорлық байқалатынына назар аударды

Дана Есенғали мен Камила Қышқашбаеваның жобаларына тоқталып, бұдан қазақ жастарының жасампаз болмысы көрінетінін, ел мен жерге шынайы жанашырлығы білінетінін мәлім етті. Сонымен қатар Қазақстанның болашағы осындай санасы сергек, ойы ұшқыр жастардың қолында екенін баса айтты.

– Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін, яғни, сіздер үшін жасалуда. Қазақ жастарының болашағы – жарқын, жолы – ашық. Мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Отаншыл, білімпаз, еңбекқор болыңыздар деп тілеймін. Сонда Қазақстанымыз да Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Өркендеген озық ел болмақ. Бәріңізге сәттілік тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 10:30
t.me/qazaqparat_kz/48754
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін де ерекше атап өтті

➤ Оның айтуынша, волонтер болу, ең алдымен, нағыз отаншыл азамат болу, яғни, патриот болу деген сөз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы экологияны жақсартуға кәсіпорындар мен кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанына тоқталды. Президент «Таза Қазақстан» аясында өте ауқымды жұмыс атқарылғанын, миллиондаған тонна қоқыс жиналып, көшет егілгенін тілге тиек етті. Бұл ретте «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясының жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді.

– Осы шара шеңберінде бүкіл еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі, – деді Мемлекет басшысы.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, тазалық мәдениетін әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп санайды.

– Мысалы, қоқысты сұрыптау, су мен жарықты үнемдеу, қоғамдық орынды бүлдірмеу – аса маңызды. Бұл біздің қоғамның қалыпты қағидатына айналуы қажет. Экологиялық ағарту ісіне айрықша мән берген жөн. Мұны «Таза Қазақстан» кампаниясының негізгі бағыттарының бірі деуге болады. Уақыт өткен сайын көптеген адамдардың қоршаған ортаны аялауға, қорғауға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз. Азаматтарымыз экологиялық талаптарды сақтап, оны саналы түрде өмір салтына айналдырып келеді. Мен жаңа ғана көрмені араладым. Онда экологияға мән берген кәсіпорындарымыздың жұмыстары қойылған. Оларға ризашылығымды білдіремін. Қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр. Тұтас елдің сана-сезімі өзгере бастады. Жастарымыз мұны терең түсінеді, – деді Президент.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 10:30
t.me/qazaqparat_kz/48753
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 10:29
t.me/qazaqparat_kz/48752
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі

➤ Президент өз сөзінде бүгінгі жиынның маңызына тоқталып, «Тазалық» фестивалі өте тағылымды іс-шара екенін айтты.

– Осыдан бір жыл бұрын бәріміз бір ел болып «Таза Қазақстан» жобасын бастадық. Мен, ең алдымен, осы жалпыұлттық бастамаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып жатқан әр азаматқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, солардың қатарында өздеріңіз сияқты жалынды әрі дарынды жастарымыз өте көп. Сіздер еліміздің әр аймағында еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрсіздер. Бұл – үлгі боларлық іс. Мен Мемлекет басшысы ретінде сіздерді әрдайым қолдаймын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

➤ Мемлекет басшысы тазалықтың мәні мен мағынасы жайындағы пікірімен бөлісіп, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші деп баға берді. Сондықтан тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы қажет екенін үнемі айтып келе жатқанын еске салды.

– Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы, – деді Президент.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 10:29
t.me/qazaqparat_kz/48751
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
1
38
Атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті

✔️«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын.

✔️Мемлекет басшысына байқау жеңімпазының суреті салынған жейде мен шопер сыйға тартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жұмыстарына жоғары баға берді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 10:13
t.me/qazaqparat_kz/48750
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
1
Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары Нұрбақыт Ермекұлы мен Айзат Ержанқызы Президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаларын таныстырды

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 10:01
t.me/qazaqparat_kz/48749
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 09:59
t.me/qazaqparat_kz/48748
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
1
Президент «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалады

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев көрме экспозицияларын аралап көрді. Мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 09:59
t.me/qazaqparat_kz/48746
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
04/21/2025, 09:59
t.me/qazaqparat_kz/48747
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
19
⚡Жартылай марафондағы қайғылы жағдайдан соң министрлік мұндай шараларға талапты күшейтпек

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жазды.

«Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады»,- деді министр.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 09:48
t.me/qazaqparat_kz/48745
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
1
Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.

🌳 Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 09:12
t.me/qazaqparat_kz/48744
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
226
🇷🇺🇺🇦Ресей мен Украина осы аптада бейбіт келісімге қол жеткізуі мүмкін — Трамп

«Осы аптада Ресей мен Украина келісім жасайды деп үміттенемін. Осыдан кейін екі ел де Америка Құрама Штаттарымен үлкен бизнеске кіріседі, өркендеп, бай болады!» — деп жазды Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісінде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 08:55
t.me/qazaqparat_kz/48743
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
127
⚡Әділет министрлігі цифрлық
сот орындаушы жүйесінің алғашқы нәтижелерін таныстырды

Цифрлық сот орындаушы былтыр 20 тамызда жүйеге қосылған.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 08:34
t.me/qazaqparat_kz/48742
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
167
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 07:03
t.me/qazaqparat_kz/48741
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
140
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 07:02
t.me/qazaqparat_kz/48740
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
144
📣 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді

🇰🇿🇮🇹 Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.

27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/21/2025, 06:44
t.me/qazaqparat_kz/48739
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
220
🌐 Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

➡️ Еңбек көші-қоны: Қазақстаннан қоныс аударатындар негізінен қай елдерді таңдайды
🔗Сілтеме

➡️ Шетел тілін үйренуге ешқандай курсқа барған емеспін – Гарвард университетінің грант иегері
🔗Сілтеме

➡️ WhatsApp-та чаттар мен арналарды автоматты түрде аудару мүмкіндігі пайда болды
🔗Сілтеме

➡️ Өзбекстанда жеке тұлғалардың шетелден тауар әкелуіне шектеу күшейтілді
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 20:01
t.me/qazaqparat_kz/48738
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
10
1
228
🥇 Мөлдір Жаңбырбай каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 19:03
t.me/qazaqparat_kz/48737
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
231
⚡️Алматы әуежайында жасөспірім сөмкеде жарылғыш зат барын хабарлады

Жасөспірімнің «бомба» туралы қалжыны рейсітің кешігіп ұшуына әкелді.

❗️Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы, әуежайда, әсіресе ұшу алдындағы іс-әрекеттер және ұшаққа отырғызу кезінде орынсыз мәлімдемелер мен «әзілдерге» жол берілмейтінін азаматтардың есіне салады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 18:00
t.me/qazaqparat_kz/48736
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
220
⚡️Меркі ауданында үш баланың өліміне әкелген қайғылы оқиға тіркелді

Аудандық ауруханаға көмірқышқыл газына уланған үш жасөспірім жеткізілді. Өкінішке қарай, балалар ес-түссіз күйде қайтыс болды.

Алдын ала тергеу мәліметінше, балаларды анасы жалдамалы пәтеріне тастап кеткен. Үйге оралған анасы газ иісін байқап, қыздарын ауруханаға жеткізуге әрекеттенген.

Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 17:53
t.me/qazaqparat_kz/48735
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
224
⚡️Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді

Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту» атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде мәлімдеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 17:41
t.me/qazaqparat_kz/48734
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
244
🚗 Еліміздегі автомектептерде оқу бағасы қанша

Автомектептер оқу процесі кезінде жол ережесін теория жүзінде үйреніп қана, көлік айдауды үйретеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Бағаны дұрыс салыстыру үшін біз салмағы 3,5 тонна болатын жеңіл көлікті жүргізуге арналған «B» санатты куәлігінің оқу ақысын білдік.

Қалаларда оқу мерзімі — 2-3 ай. Бір айдан соң білім алушылар қала ішінде немесе автодромда нұсқаушы көмегімен көлік жүргізе алады. Оқу ақысын салыстыру кезінде курс және нұсқаушымен 18 сағат көлік жүргізу негізге алынды.

Ең қымбат курс Алматы қаласында болып шықты. Мұнда жеңіл көлік жүргізу курсы 70 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге жетеді.

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 16:35
t.me/qazaqparat_kz/48733
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
252
⚡️АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға штаттың орталық бөлігінде болған.

«Ұшақ ашық далаға құлап түсті, бортта болған төрт адамның бәрі оқиға орнында қаза тапты», — деп мәлімдеді Колс округінің тергеушісі Эд Шниерс.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 15:12
t.me/qazaqparat_kz/48732
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
269
🧳 Еңбек көші-қоны: Қазақстаннан қоныс аударатындар негізінен қай елдерді таңдайды

Соңғы уақытта шетелге көшкен адам саны – 12 784. Оның ішінде қазақтар – 795, украиндықтар – 704, өзбектер – 1 672 және басым бөлігі орыс ұлты – 7 886.

Елден көшуге шешім қабылдағандар көбінесе ТМД мемлекеттерін таңдайды. Сондай-ақ, Германия, Польша және АҚШ сияқты батыс елдеріне қоныс аударуды жөн көреді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 13:25
t.me/qazaqparat_kz/48731
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
258
💼 Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда өткен аптада болған тағайындаулар

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 12:08
t.me/qazaqparat_kz/48730
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
267
🔵Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: зардап шеккен ер бала санавиациямен Павлодарға жеткізілді

Дәрігерлер баланы жансақтау бөлімшесінен травматология бөлімшесіне ауыстырғандарын, жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады. Бала есін біледі, сөйлеп, қимылдай бастаған. Тағы 5-7 күндей дәрігерлердің бақылауында болмақ.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 11:07
t.me/qazaqparat_kz/48729
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
248
➕ Қандай жағдайда терапевтке бармай басқа дәрігерлерге жүгінуге болады

Осы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында азаматтардың тар бейінді мамандарға жүгіну тәртібіне өзгеріс енді. 

Тар бейінді мамандарға жүгіну тәртібі бар. Ол үшін азамат медициналық ұйымға тіркелуі тиіс. Сондай-ақ сақтандыру мәртебесін растауы қажет. Бұдан кейін жалпы тәжірибелік дәрігерге көрініп, алғашқы тексеруден өту керек.

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 09:31
t.me/qazaqparat_kz/48728
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
248
🏛🏛🏛🏛 21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.

@qazaqparat_kz
04/20/2025, 08:02
t.me/qazaqparat_kz/48727
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
238
🤖 Роботтар арамызда: Қазақстанда қандай салалар автоматтандырыла бастады

Роботтандыру өнеркәсіп, медицина, мемлекеттік және логистикалық қызмет көрсету сынды өмірдің түрлі салаларына еніп жатыр. Қазақстан да бұл үрдістен шет қалмайды: бүгінде ақылды машиналар ХҚКО-ларда, теміржолда, ауруханаларда, пошта бөлімшелерінде, тіпті мейрамханаларда да іске қосылған. Kazinform тілшісі елімізде роботтар қандай салаларда қолданылып жатқанын анықтады. 

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 07:46
t.me/qazaqparat_kz/48726
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
244
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор.

Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.

Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін.

Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін!

Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/20/2025, 06:00
t.me/qazaqparat_kz/48725
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
2
259
🌐 Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

➡️Қазақстан тау шаңғысы туризмін әлемдік стандарттарға сай дамытуға ниетті
🔗Сілтеме

➡️Қызылордадағы жалғыз шіркеу бұрын музей болған
🔗Сілтеме

➡️Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды
🔗Сілтеме

➡️Заңсыз айыппұл жойылып, Жезқазған бюджетіне 212 миллион теңге қайтарылды
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 20:30
t.me/qazaqparat_kz/48724
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
2
266
🇺🇿 Өзбекстан шетелдіктер үшін «алтын виза» енгізуді жоспарлап отыр

Өзбекстанда 1 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға бес жыл мерзімге тұруға рұқсат алудың оңтайланған тәртібі енгізіледі.

«Құжатты алу үшін өтініш беруші 200 мың АҚШ долларын, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесі – жұбайы, балалары мен ата-анасы үшін 100 мың доллардан төлеуі керек», – делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Республика билігі осылайша елге жаңа инвестиция тартуға үмітті.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 19:34
t.me/qazaqparat_kz/48723
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
243
🈂️Әкелер бала тәрбиесіне неге аз араласады

Қазақ қоғамында баламен сау қарым-қатынас құратын әкенің нақты бір үлгісі қалыптаспаған. «Бүгін LIVE» бағдарламасына сұхбат берген медиа маман, «Әйеліммен әңгіме» кітабының авторы Марғұлан Ақан дәл осындай пікір білдірді.

📹 Толығырақ «Бүгін.live» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 18:08
t.me/qazaqparat_kz/48722
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
2
253
🍍Қазақстанда экзотикалық жемістер қанша тұрады

Саудагерлердің айтуынша, экзотикалық жемістер Қытай, Перу, Пәкістан, Нидерланды, Бразилия, Тайланд және Колумбия, Кот-д’Ивуар, Мексика және Түркиядан әкелінеді. Экзотикалық жемістің қай-қайсысы да жоғары сұранысқа ие. Егер қазақстандықтар қандай да бір жемісті алмаса, тасымалданбас еді. Бағаны салыстыру кезінде экзотикалық жеміс көбіне Қостанай мен Қарағандыда арзан болып шықты. Ал Шымкентте баға жоғары.

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 16:20
t.me/qazaqparat_kz/48721
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
2
267
⚡Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Футбол федерациясы бапкердің отбасына көңіл айтты

«Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар футболының бапкері Әлібек Жүсіповтің жол апатына түсіп, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады», — делінген хабарламада.

Қазақстан футбол федерациясы тарапынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 14:53
t.me/qazaqparat_kz/48720
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
7
1
258
⚡Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде Сәкен Бибосынов (54 келі) чемпион атанды. 

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 13:27
t.me/qazaqparat_kz/48719
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
254
🇰🇿 Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын алды

Ташкент қаласында спорттық самбодан кадеттер арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік өнер көрсетті. 

Ұлдар арасында Шоқан Уәлихан (46 кг), Дінмұхаммед Лесбеков (49 кг), Бекжан Тұрсынбеков (58 кг), Нұрсұлтан Әбдіразақов (71 кг) алтыннан алқа тақты.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 12:01
t.me/qazaqparat_kz/48718
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
2
243
🏛🏛🏛🏛 Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

➤ Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.

➤ Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 10:46
t.me/qazaqparat_kz/48716
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
255
04/19/2025, 10:46
t.me/qazaqparat_kz/48717
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
225
💬 Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: балалардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер Павлодар-Астана жолында көлік апатына түскен балалардың жағдайы туралы айтты.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 154-ші шақырымында болған жол-көлік апатынан 1990 жылы туған ер азамат қаза болды. Кәмелет жасына толмаған жеті жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Олардың біреу жансақтау бөлімінде. Баланы облыстық нейрохирург қарап шығып, симптоматикалық ем тағайындалды. Өзге алты бала жеңіл және орташа ауырлықта жарақат алған, барлығы хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Жарақаттан аман қалған тоғыз бала аурухананың стационарына орналастырылды», — деп мәлімдеді Ерейментау аудандық ауруханасынан.

Дәрігерлер қазіргі уақытта стационарда төрт бала қалғанын, олар өз ата-аналарын күтіп отырғанын жеткізді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 10:05
t.me/qazaqparat_kz/48715
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
1
240
💬Павлодар-Астана жолында балалар мінген автобус аударылып, жаттықтырушы көз жұмды

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында «Мерседес» маркалы шағын автобустың қатысуымен жол-көлік апаты болды. 

Белгілі болғандай, балалар жеке меншік спорт мектебінде жаттыққан. Спорт мектебінің басшылығы өз шәкірттерін жарысқа жіберген уақытта ол туралы полиция қызметкерлеріне ескертпеген. Сәйкесінше жолда патрульдік көлік автобуспен бірге жүрмеген.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 09:21
t.me/qazaqparat_kz/48714
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
5
261
📰 Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан: Қорғаныс шығыны, әуе рейсіндегі овербукинг және қаржысыз легионерлер

Осы аптада әлемдік басылымдарда Қазақстан жайлы ақпарат жиі ұшырасты. Әсіресе, Үкіметтің қорғаныс саласына бөлген қаржысы, әуе билеттеріне қатысты өзгеріс ерекше аталған. Әзербайжанмен сауда байланысының ұлғаюы, спорттағы легионерлердің мемлекеттік бюджеттен қағылуы да қалыс қалмапты.

🖥 Толығырақ Kazinform тілшісінің шолуынан оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 08:26
t.me/qazaqparat_kz/48713
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
250
🏠 Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесі өзгере ме - сарапшылар пікірі

Жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес, елдегі банктерге корпоративтік табыс салығын 25 пайызға дейін көтеру ұсынылып отыр. Бұл ипотека құнына қалай әсер етеді? Kazinform тілшісі осы мәселе бойынша сарапшыларға жүгінді. 

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/19/2025, 07:00
t.me/qazaqparat_kz/48712
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
7
252
🌐Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

⏩Тіл үйренушілер енді қазақ мақалдарын ағылшынша емін-еркін қолдана алады
🔗Сілтеме

⏩ Әр бала білімді және үйлі болсын: «Келешек» жобасы туралы ата-ана нені білуі керек
🔗Сілтеме

⏩ Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың қашан жан тапсырғанын айтты
🔗Сілтеме

⏩ Мейірімге зәру, сенгіш, үрейшіл: Қандай адамдар алаяққа жиі алданады
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 20:35
t.me/qazaqparat_kz/48711
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
8
243
🥉 Нариман Құрбанов Қатарда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 19:54
t.me/qazaqparat_kz/48710
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
8
242
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 18:48
t.me/qazaqparat_kz/48709
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
9
225
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣ Kazinform агенттігі жаңа «Мәлімет» жобасын іске қосты

«Мәлімет» − Қазақстанның медианарығында алғаш рет ұсынылған жаңа айдар, онда саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтері жарияланады.

«Мәліметте» кейіпкерлердің өмірі мен мансабындағы маңызды сәттері мен жетістіктері, сондай-ақ фотосуреттері мен оларға қатысты соңғы жаңалықтар ұсынылады.

📁 Біз Қазақстанның ең басты тұлғалары туралы барлық мәліметті бір айдарға жинадық, осылайша олар туралы бар ақпаратты оңай әрі жылдам білуге болады.

🌎 Келешекте «Мәлімет» Орталық Азия елдерінің белгілі тұлғаларын да қамтитын болады.

ℹ️ Kazinform агенттігі ақпарат таратудың заманауи форматтарын дамытуды жалғастырады және қоғамды сенімді әрі пайдалы дереккөзбен қамтуды мақсат етеді.

🖥 Айдарға сілтемелер:
🔷https://kaz.inform.kz/persons/
🔷https://www.inform.kz/persons

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 18:02
t.me/qazaqparat_kz/48708
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
202
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

– Әділетті Қазақстанды құру және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда терең орнықтыру үшін табанды еңбек етіп жүрсіздер. Қауіп-қатерге қарамастан, барлық жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатырсыздар. Адал қызметтеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін мен аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін мінсіз қызмет етіп жүрген бірқатар күштік құрылым өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Жалпы, мен Мемлекет басшысы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әрдайым қолдаймын, еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да мемлекеттің тірегі, халықтың қорғаны болып, адал қызмет етесіздер деп сенемін, – деді Президент.

🎖 Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 17:52
t.me/qazaqparat_kz/48707
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
1
194
⚡Балалар омбудсмені «Дарикорн дауына» қатысты пікір білдірді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева танымал блогердің видеосынан кейін буллингке ұшыраған бала туралы пікірін білдірді және блогерді қатаң сынға алды.

«Қара басының қамы үшін адамгершілік ұмыт қалып отыр. Осыны жасаған ересектердің баладан кешірім сұрап, жағдайды түзетуге тырысуға ар-намысы жетпегені өкінішті. Мұндай әрекеттер баланың өмірін құртып жіберуі мүмкін екенін әрдайым есте сақтау керек», − деді Д. Зәкиева.

Оның айтуынша, жыл басында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың фото-видеосын пайдалануға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер әзірленді. Жақында олар Үкіметке бекітуге жіберіледі.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 17:17
t.me/qazaqparat_kz/48706
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
183
04/18/2025, 17:04
t.me/qazaqparat_kz/48705
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
2
201
Мемлекет басшысына Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар таныстырылды

✔️Өңірдегі ірі инвестициялық жобалар қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыру верфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосу секілді елеулі жобалар бар.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр аймақ экономикасына 1,1 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғаны жөнінде мәлімет берілді.

✔️Құны 36 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 530 тұрақты жұмыс орны ашылған. 5,7 трлн теңгеге 55 әлеуетті инвестициялық жобаның пулы жасақталды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 17:04
t.me/qazaqparat_kz/48704
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
207
04/18/2025, 15:38
t.me/qazaqparat_kz/48702
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
205
04/18/2025, 15:38
t.me/qazaqparat_kz/48703
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
194
Жиында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Премьер-министрдің орынбасарлары Қанат Бозымбаев пен Ермек Көшербаев, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов баяндама жасады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:38
t.me/qazaqparat_kz/48701
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
9
194
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Қорыта айтқанда, бірінші талабым – бәріміз адал жұмыс істеуіміз керек. Екінші талабым – бәріміз озық ойлы болуымыз қажет. Үшінші талабым – жастарымызға дұрыс білім мен тәрбие беріп, оларға жол ашуымыз керек.

Ал Маңғыстау облысына келсек, біз бұл аймақты жедел дамудың үлгісі ретінде көрсетуіміз керек. Облыстың әлеуеті зор. Соны тиімді пайдаланбасақ, бәрімізге кешірілмес күнә болады.

Рақмет, баршаңызға.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:36
t.me/qazaqparat_kz/48700
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
7
167
⚡️Президент: «Қандай жағдай болса да, мемлекетіміз тиісті әлеуметтік міндеттемелерді орындайды»

– Тоғызыншы. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде кемшіліктер бар. Соңғы жылдары аймақта нәрестелердің өлімі азайып келеді. Бірақ елдегі жағдаймен салыстырсақ, бұл көрсеткіш бәрібір жоғары; Қазақстан бойынша – 6,01. Аймақта қатерлі ісік дертіне шалдығу және одан көз жұму деректері азайған. Онкологиялық ауруын асқындырып алған адамдар әлі де көп. Облыста жедел жәрдем бригадалары жетіспейді.

Білім беру мекемелерінде болып жатқан келеңсіз оқиғаларды айтпай кетуге болмайды. Балалардың тамақтан жаппай улану деректері азаймай тұр. Бұл – әбден ұят нәрсе. Былтыр 400-ден астам бала, биыл 42 бала зардап шеккен. Бұл оқиғалар мектептерде азық-түлік қауіпсіздігі сақталмай жатқанын көрсетеді. Үкіметке жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Білім беру мекемелері қызмет көрсететін ұйымдармен сапалы әрі нақты жұмыс жүргізуі керек. Әкімдік осындай өрескел жағдайларға мүлде жол бермеуге тиіс. Жалпы әлеуметтік саланың маңызы айрықша. Себебі, біз – әлеуметтік елміз.

Қандай жағдай болса да, мемлекетіміз тиісті әлеуметтік міндеттемелерді орындайды. Мұқтаж жандардың бәріне қажетті көмек көрсетіледі. Әлемде мұндай тәжірибе сирек кездеседі. Бірақ біз үшін бұл – мызғымас ұстаным. Сондай-ақ мәселенің екінші жағы бар. Әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемге ие болу үшін қитұрқы әрекеттер жасайтындар аз емес. Тіпті әлеуметтік алаяқтық пайда болды деп айтуға болады. Ондай алаяқтар мемлекетке де, қоғамға да зиянын тигізіп жатыр. Көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс.

Сондықтан тағы да қайталап айтамын, әлеуметтік қолдау жүйесін мұқият зерделеу керек. Облыс әкімі сирек кездесетін металдардың көзін ашу үшін геологиялық барлауды белсенді түрде жүргізу керек деп ұсыныс айтты. Қолдаймын. Үкімет бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуі қажет. Осымен күн тәртібіндегі мәселенің бәрін қарадық. Барлық тапсырмалар уақтылы орындалуға тиіс. Әр мәселе менің жеке бақылауымда болады. Тағы да айтайын, еліміздің болашағы тек өзіміздің қолымызда. Сырттан біреу келіп, бізге өз жұмысымызды істеп бермейді. Бұл – Маңғыстау облысына тікелей қатысты сөз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:35
t.me/qazaqparat_kz/48699
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
7
160
⚡️Мемлекет басшысы облыстағы білім сапасын жетілдіруге мән берді

– Сегізінші. Аймақта білім сапасын жақсарту үшін бірқатар шара қабылданды. Бірақ жұмыстың нәтижесі көңіл көншітпей тұр. Екіден алты жасқа дейінгі балалардың 93,9 пайызы балабақшаға барады, яғни, 46 мың бала. Бірақ орын тапшылығы әлі жойылған жоқ. 3,5 мыңға жуық бала кезекте тұр. Білім сапасына қатысты түйткілдер бар. Былтыр мектептегі білім деңгейін бағалау үшін облыста арнайы тест өткізілді. Оған қатысқан балалардың 37 пайызының білімі төмен екені анықталды. Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері де мәз емес. 1,5 мыңға жуық бала, яғни, 20 пайызы оқуға түсуге қажетті ең төменгі балдың өзін жинай алмаған. Бұл – еліміздегі ең нашар көрсеткіштің бірі.

Биыл қаңтар айындағы тестілеуге 8 мыңнан астам оқушы қатысқан. Оның үштен бірі шекті көрсеткіштен өте алмаған. Облыстағы ауыл және қала мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығы – өзекті мәселенің бірі. Тіпті Ақтау мен Жаңаөзендегі мектептердің білім деңгейінде айырмашылық бар. Мектептегі орын тапшылығы азаймақ түгілі көбейіп барады. Қазір 14 мыңға жуық орын жетіспейді.

Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ.

«Самұрық-Қазына» қоры облыс әкімдігімен бірлесіп, жайлы мектептердің құрылысын тездетуі қажет. Бұған қоса сапалы стандартты мектеп салу жұмысын жалғастыру керек. Жалпы осы саладағы түйткілдерді шешу үшін Білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасы қабылданды. Алайда нақты нәтиже жоқ. Жол картасын сапалы әрі толық жүзеге асыру үшін жұмысты барынша жандандыру қажет.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:34
t.me/qazaqparat_kz/48698
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
7
163
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс орындарының экология талаптарын міндетті түрде сақтауға тиіс екенін айтты

– Жетінші. Аймақтағы экология мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлу қажет. Облыс орталығының маңайында өнеркәсіптік кәсіпорындар көп. Олар міндетті түрде экология талаптарын сақтауға тиіс. «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасына қатысты түйткіл талайдан бері шешімін таппай келеді. Онда Каспий маңы тау-кен металлургия комбинатына қарасты 3 зауыттан шыққан 105 миллион тонна қалдық жатыр.

Бұдан бөлек, аймақтағы полигондарда 200 мың тоннадан астам қоқыс жиналып қалған. Рұқсат етілмеген жерге заңсыз тасталған қоқыстар да көп. Жалпы облыста қоқыс тастайтын 68 рұқсат етілмеген орын бар. Оның алпысы жойылды, сегізі кәсіпкерлерге тиесілі жерде орналасқан. Мұның бәрі халықтың тұрмыс сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Осы мәселелерді шұғыл шешу үшін Үкімет облыс әкімдігімен бірге қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Бұл мәселе бойынша Үкімет тоқсан сайын маған тікелей баяндауы керек. «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру ісін жалғастыру қажет. Ақтауда ағаштарды көбірек отырғызуға тырысу керек. «Таза» деген – киелі сөз, аса маңызды ұғым. Бұл ұғым халқымыздың болмысының бір бөлігі болуы қажет.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:33
t.me/qazaqparat_kz/48697
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
7
148
⚡️ Президент: «Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретіндегі рөлін арттыра түсу қажет»

– Алтыншы мәселе. Маңғыстау облысы еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру ісінде маңызды рөл атқарады. Бұл – Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы халықаралық көлік дәліздері тоғысқан бірегей жер. Біз теңіз инфрақұрылымын, соның ішінде Ақтау және Құрық порттарын дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Осы айлақтар Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі негізгі тораптың бірі саналады.

Соңғы жылдары бұл дәліз арқылы жүк жеткізу мерзімі үш есе қысқарды. Тасымал құны тұрақталды. Озық технологиялар жаппай енгізіле бастады. Халықаралық логистикалық компаниялар еліміздің көлік саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Олар, әсіресе, теңіз порттарын дамыту ісіне қаржы құюға мүдделі. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, шетел инвесторларымен белсенді жұмыс істеуі керек.

Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретіндегі рөлін арттыра түсу қажет. Көлік, темір жол және теңіз порты инфрақұрылымын дамытуға арналған жобаларды тездетіп жүзеге асыру керек. Биыл Құрық-Жетібай тас жолын жөндеу жұмысы аяқталады. Енді Түрікменстан бағыты бойынша көлік-тасымал әлеуетін арттыру қажет. Жаңаөзеннен шығып, Кендірлі арқылы Түрікменстан шекарасына дейін баратын күре жолды жөндеуге биылдан бастап кірісуді тапсырамын. Темір жол бекеттерін жаңғырту және жаңарту жұмысы басталды. Еліміз бойынша 125 вокзалды жөндеу жоспарланып отыр. Оның ішінде Маңғыстау, Бейнеу және Шетпе бекеттері бар. Жолаушыларға, әсіресе, өз бетімен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолайлы жағдай жасалады. Бұл шаралар облыстағы және жалпы еліміздегі көлік қатынасын жақсарта түсетіні сөзсіз.

Алты жылдан бері тоқтап тұрған «Бейнеу астық терминалы» биыл қаңтарда іске қосылды. Қазір онда бір мезетте 100 мың тонна астық сақтауға болады. Сондай-ақ күніне 150 тонна – ұн, 50 тонна – жем шығаруға мүмкіндік бар. Ал жаңғырту жұмысынан кейін бұл көрсеткіштер 400 тонна ұн және 100 тонна жемге дейін артады. Астық терминалының қуатын арттырып, толық жұмыс істеуін қамтамасыз еткен жөн. Оны құрлықтағы Өткел кешені ретінде пайдалану қажет. Сол арқылы Каспий маңындағы елдерге өз өнімдерімізді экспорттай аламыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:32
t.me/qazaqparat_kz/48696
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
7
150
⚡️Мемлекет басшысы туризм саласына жеке инвестиция тарту мәселесіне тоқталды

– Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын шұғыл түрде бітіруі керек. Маусым айында бұл жоспарды мақұлдаймыз.

Облыс әкімдігі Үкіметтің қолдауымен осы салаға жеке инвестиция тарту мәселесін пысықтауы қажет. Тағы бір мәселе, бұл – іс-шаралар туризмі (Event tourism). Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алды. Жақында ашылу рәсімі жақсы өтті. Бұл іс-шараға өз азаматтарымызбен қатар, түркітілдес елдер де зор қызығушылық танытты. Алдағы уақытта 30-дан астам іс-шара өткізіледі. Осының бәрі аймаққа туристер тартуға жол ашуға тиіс. Бұл жұмысты белсенді жүргізу қажет. Жалпы, аймаққа шетел инвестициясы тұрақты келіп жатыр. Бірақ оның үштен екісі мұнай-газ секторына тиесілі.

Сондықтан басқа да салаларға белсенді түрде инвестор тарту қажет.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:30
t.me/qazaqparat_kz/48694
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
134
04/18/2025, 15:30
t.me/qazaqparat_kz/48695
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
6
155
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев туризмнің қарқынды дамуына жол ашатын бағыттарды атады

– Бесінші. Туризм – аймақ экономикасының мұнай-газ саласынан кейінгі маңызды секторы. Былтыр облысқа шетелден 43 мың турист келді. Еліміздің басқа аймақтарынан келген қонақтардың саны 460 мыңға жуықтады. Соңғы үш жылда жалпы туристер саны 1,5 есе артты. Жазда қонақ үйлердің 90 пайыздан астамы бос болмайды. Бекет Ата жерасты мешітіне, Бозжыра шатқалына, Айрақтыдағы «Қамалдар алқабына» және Торыштағы домалақ тастарға туристер өте көп барады. Маңғыстауға келетін әрбір оныншы адам осы нысандарға арнайы соғады.

Туристерге, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау қажет. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. Бекет Ата жерасты мешітіне көтерілу үшін автоматты қондырғы орнату туралы ұсынысты мұқият қарау керек. Жалпы, туристік нысандарға сондай жүйе орнату әлемдік тәжірибеде бар. Бірақ кесене – халқымыз үшін киелі орын. Сондықтан жұртшылықпен, түрлі мамандармен ақылдасып, жан-жақты ойластырып шешім қабылдаған жөн. Мен бұл ұсынысты қолдаймын.

Мен былтыр туризмді дамыту жөніндегі жиында әлеуеті зор бағыттарды атап өттім. Ал нақты Ақтауға келетін болсақ, бұл – көлік-логистика, туризм тұрғысынан бірегей қала. Бұл әлеуетті тиімді пайдалануымыз керек. Сондай-ақ теңіз туризміне баса назар аудару қажет. Бес елдің теңіз айлақтары бір-біріне жақын орналасқан. Ресей, Иран және Кавказ елдерінің миллионнан астам тұрғыны бар 10 қаласынан туристер шақыруға болады. Ыстанбұл, Анталья, Лондон, Мәскеу, Астрахань, Тбилиси, Баку және басқа да қалалардан шығатын ұшақтардың транзиттік дәліздері осы жерде тоғысады. Мұның бәрі туризмнің қарқынды дамуына жол ашады. Ақтау портында жаңа теңіз портын салу қажеттігі туындап отыр. Айлақтарды жолаушы таситын кемелер тоқтауға болатындай етіп жаңғырту керек.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:29
t.me/qazaqparat_kz/48693
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
171
⚡️Президент жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін өңдеу секторына ден қою қажет деп санайды

– Төртінші. Аймақ экономикасы тұрақты және әртарапты болуы үшін кәсіпкерлікті дамыту аса маңызды. Қазіргі таңда облыста 77 мың шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істеп тұр. Олар 150 мың адамға жұмыс беріп отыр. Былтыр кәсіп иелері шығарып жатқан өнім көлемі 270,5 миллиардқа өсіп, 2,2 триллион теңгеге жетті. Биыл аймақтағы шағын және орта бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетін болды. Қазірдің өзінде 12,5 миллиард теңге бөлініп, 150 жобаға қолдау көрсетілген. Бұдан бөлек, жақын арада «Mangystau Business» бағдарламасы іске қосылады. Осы ауқымды жұмыстың аясында 30 жаңа жобаға қаржы бөлінбек, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болады.

Өздеріңіз білесіздер, облыстың өз ерекшелігі бар. Атап айтқанда, мұнай өндірісінің басым болуы, шөлді жерде тұрғаны, су тапшылығы, азық-түлік импортына тәуелділік. Сондықтан жоспардағы барлық шаруаны тиімді іске асыру үшін мемлекеттік органдардың бәрі жұмыла жұмыс істеуі керек.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше серпін беретін орталық болуға тиіс. Қазір онда 22 жаңа жоба жүзеге асырылып жатыр. Арнайы экономикалық аймаққа салынған инвестицияның жалпы көлемі – 337 миллиард теңге болды, соның тең жартысы – шетел инвестициясы.

Биыл арнайы экономикалық аймақтың аумағын жеті есе ұлғайту жоспарланып отыр, яғни, 3,7 мың гектардан 26,5 мың гектарға дейін. Бұл – орынды шешім. Әкімнің де экономикалық аймаққа қатысты ұсыныстары бар. Халық тұтынатын тауарларды, соның ішінде азық-түлік өндірісін экономикалық қызмет түріне қосуға болады.

Дегенмен жоғары сапалы өнім шығарып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін өңдеу секторына басымдық беру қажет. Үкімет пен әкімдік осы салаға егжей-тегжей талдау жасап, тиімді жұмыс жүргізуге тиіс. Қағазбастылық болмауы керек, нақты, нәтижелі жұмыс қажет.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:27
t.me/qazaqparat_kz/48692
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
163
⚡️Мемлекет басшысы: Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

– Үшінші. Мен бұған дейін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын 2024 жылға қарай іске қосу туралы тапсырма бердім. Бірақ түрлі рәсімдер созылып, мердігермен келісім-шартқа былтыр ғана қол қойылды. Соның салдарынан зауытты іске қосу мерзімі 2027 жылға қалып қойды. Бұл – Үкіметтің өрескел олқылығы.

Үкімет осы мәселені қатаң бақылауға алуы керек.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:26
t.me/qazaqparat_kz/48691
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
165
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауды жылумен қамту және тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне назар аударды

– Екінші. Қазір Ақтауға жылуды «МАЭК» компаниясы береді. Бірақ облыс орталығы тез өсіп жатыр. Қаланы жылумен толық қамтамасыз етуге кәсіпорынның қуаты жетпейді. Былтыр Ақтауда ұзындығы 12 шақырым болатын жылу желісі салынып, жаңғыртылды. Нәтижесінде қалаға жылудың дұрыс жетуіне мүмкіндік туды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Былтыр облыста 846 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – жоспардан 20 пайызға артық. Дегенмен облыстағы тұрғын үй қорының 7 пайызы әбден ескірген.

Көп пәтерлі 177 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне айрықша назар аудару керек. Маған түскен ақпарат бойынша Ақтауда үлескерлер қаржы салған 6 үйдің құрылысы бітпей тұр. Орынсыз, яғни бей-берекет салынған құрылыс нысандары да бар. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет әкімдікпен бірге нақты шаралар қабылдауы керек.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:25
t.me/qazaqparat_kz/48690
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
168
Президент аймақтағы су құбыры мен кәріз желісінің тозуын аса күрделі мәселе деп атады

– Сарапшылар таза судың тағы бір көзі бар дейді. Бұл – Ақтөбе облысындағы Көкжиде жерасты сулары. Оны игеруге қатысты жобаны жан-жақты пысықтап, оның экономикалық тиімділігін зерттеу қажет. Сарапшылар Көкжиде, Айшуақ және Солтүстік Айшуақ жерасты суларынан Маңғыстау және Атырау облыстарының елді мекендеріне дейін су құбырын тартуды ұсынып отыр. Су құбырының ұзындығы шамамен 1400 шақырым болады, су өткізу мүмкіндігі – күніне 170 мың текше метр. Сол арқылы 1,2 миллион адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге және оның көлемін арттыруға мүмкіндік туады. Ақтау қаласындағы су құбыры желісі әбден тозған, тозу көрсеткіші – 77 пайыз. Соның кесірінен судың 16 пайызы ысырап болып жатыр. Жалпы, аймақтағы су құбыры мен кәріз желісінің тозуы аса күрделі мәселе болып тұр.

Мәселен, су құбыры Ақтауда жаңа айттым, 77 пайыз, Жаңаөзенде – 59 пайыз тозған. Кәріз желісі Ақтауда шамамен – 76 пайыз, Жаңаөзенде – 72 пайыз тозған. Бір сөзбен, нақты шаралар қолға алынуы керек. Ал шалғайда тұратын малшылардың өз бетімен құдық қазу туралы бастамасына келсек, бұл – жалпы құптарлық іс. Бұл жұмысқа 100 миллион теңге қажет деп отыр. Кемінде 50 малшы суға қол жеткізеді екен. Қолдауға болады деп ойлаймын. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев әкіммен бірлесіп бұл мәселені пысықтауы керек.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:24
t.me/qazaqparat_kz/48689
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
173
⚡️Мемлекет басшысы Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына аймақтағы су тапшылығын азайту үшін нақты шешім қабылдауды тапсырды

– Бірінші. Облыстағы басты міндеттің бірі – тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Табиғи өсімге және көші-қон үдерісіне байланысты аймақтағы халық саны үздіксіз өсіп келеді. Бұл мәселе бойынша мен жаңа да айтып кеттім. Сондықтан ауыз су мәселесінің өзектілігі күн өткен сайын арта түседі.

МАЭК-тің су тұшыту қуаты жеткіліксіз болып тұрғанын білеміз. Соның кесірінен әсіресе, жаз айларында ауыз су тапшылығы қатты сезіледі. Үш қалаға және орталық құбыр желісі бар 59 елді мекенге ауыз су белгілі бір уақытта ғана беріледі. Су тапшылығы – күніне 23 мың текше метр.

Қазір су тұшытатын 6 зауыт пен қондырғы салынып жатыр. Кендірлідегі жоба іске қосылған соң, Жаңаөзен қаласының, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдық округтерінің тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ қосымша жұмыс орындары ашылады. Бұл жобаны кешіктірмей, дер кезінде, яғни, мамыр айында аяқтау керек.

2023 жылы «Астрахань – Маңғышлақ» магистральді су құбыры жаңғыртылды. Оның су өткізу мүмкіндігі күніне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін артты. Бірақ бұл құбыр батыс аймақтың суға сұранысын толық өтей алмайды. Оның үстіне, құбыр арқылы келетін суды әбден тазарту керек. Сондықтан судың өзіндік құны қымбатқа түседі. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірге осы аймақтағы су тапшылығын азайту үшін нақты шешім қабылдауға тиіс.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:22
t.me/qazaqparat_kz/48688
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
3
188
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгін аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын егжей-тегжейлі талқылауымыз қажет

– Мен бүгін Ақтауға жұмыс сапарымен арнайы келіп отырмын. Басты мақсат – облыстың ахуалымен танысу, аймақтағы өзекті мәселелерді талқылау. Еліміз үшін Маңғыстаудың орны бөлек. Бұл – стратегиялық маңызы бар аймақ. Маңғыстауды батыс қақпасы деуге болады. Мен облыстың тыныс-тіршілігін ерекше назарда ұстаймын. Сондықтан бүгін аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын егжей-тегжейлі талқылауымыз қажет.

Аймақтың жалпы өнімі екі жылда 1,3 есеге өсті. Өткен жылдың бастапқы 9 айында өңірлік жалпы өнім 3,7 триллион теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш, бір қарағанда, жаман емес. Биыл бірінші тоқсандағы экономикалық индикатор 104,8 пайыз болды. Облысқа соңғы екі жылда 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды.

Аймақ тұрғындарының саны үздіксіз өсіп келеді. Қазір мұнда 800 мыңнан астам адам тұрады. Жақында мен Шымкентке барғанда көші-қонды, яғни, миграцияны бақылаусыз қалдыруға болмайды деп айттым. Болжам бойынша көп ұзамай облыстағы халық саны бір миллионға жетуі ықтимал, тіпті, одан асуы да мүмкін. Бұл жағдай экономикаға және әлеуметтік инфрақұрылымға қосымша салмақ түсіреді. Бұл факторды ұмытпауымыз керек, популизмге ұрынбаған жөн.

Мен бұған дейін таза ауыз су мәселесін шешуді, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жақсартуды тапсырдым. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік-логистика әлеуетін арттыру және туризм саласын дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылды. Біраз шаруа жасалған. Жетістіктер аз емес, бірақ кемшіліктер де бар. Оны мойындау керек және ашық айту қажет.

Нақты жоспар бар, міндеттер – белгілі. Өзекті мәселелерді шешу үшін Үкімет пен әкімдік күш жұмылдырып, белсенді жұмыс істеуге тиіс. Әкім Нұрдәулет Қилыбай жұмысына белсенді түрде кірісті, алдында тұрған міндеттерді, мәселелерді түсінеді, оларды шешу жолдарын біледі. Таяу арада нәтижелерді күтемін. Оның көтерген мәселелері – өте өзекті, бұл мәселелерді Үкімет мұқият қарауы керек. Басты мақсат – облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл – анық нәрсе.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:21
t.me/qazaqparat_kz/48687
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
196
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес басталды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 15:21
t.me/qazaqparat_kz/48686
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
1
221
⚡Шерзаттың әкесі ұлының қашан жан тапсырғанын айтты

«Ажыратқанға, «қой» дегенге ешқайсысы қараған жоқ. Шерзаттың анасы баласын құшақтап, ұрғызбай жатты. Сөйлеп отырған баланы Нұрқияс мылтықпен ұрды. Анасының жылауына, өтінішіне қарамады. Балаға пышақ тыққанын білмедім. Балаға соққы тиді ма деп алдынан қарадым, сөйтсем жауырынына кіріпті. Артынан қан ағып жатыр екен. Нұрқанат та ес-түссіз жатты. Көлікті оталдырып келгенде екеуінде де пульс болды. Оларды өзім көлікке салдым. Ауруханаға апара жатқан кезде көлікті қатты айдағаннан балам орындықтан құлап кетті. Содан тоқтадым. Сөйтсем жаны (Шерзат) шығып кетіпті. Пульс болмай қалды. Өзім реанимация жасадым. Сосын әрі қарай ауруханаға жеткіздім», — деді ол.

— «Көліктің ішінде жан тапсырды ма?», — деп нақтылады прокурор.

— «Мен көлікке салып жатқан кезде жан тапсырып жатты, соңғы демдері», — деді жәбірленуші.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 14:44
t.me/qazaqparat_kz/48685
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
4
231
⚡Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 13:33
t.me/qazaqparat_kz/48684
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
219
Көлік министрі Марат Қарабаев өңірде жалпы құны 1,9 триллион теңге болатын 24 инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылып жатқанын айтты

✔️Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойынша жүк тасымалы 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткен.

✔️Аталған бағытпен 358 контейнерлік пойыз, 27 мың автокөлік жүк тасымалдаған. Экспорт көлемі 3,2 миллион тоннаны құраған. 2028 жылға дейін бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

✔️Ақтауда контейнерлік хаб салынып жатыр. Бұл жоба порттың жүк өткізу қабілетін 140 мыңнан 240 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтады.

✔️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Кендірлі курорты аймағында жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Әуежай сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады. Кендірліні Алматы және Астана қалаларымен жалғайтын тұрақты әуе рейстерін ашу жоспарланған.

✔️Бұдан бөлек, Орталық – Батыс және Бейнеу – Сексеуіл секілді ауқымды жол құрылысы жобаларын жүзеге асыру көзделген. Соның нәтижесінде басты бағыттардағы логистиканы оңтайландырып, транзит және экспорт жүктерін тасымалдау шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік туады. Атап айтқанда, Астанадан Ақтауға дейінгі жол 800 шақырымға, ал Қорғастан Ақтауға дейінгі арақашықтық 900 шақырымға қысқарады.

❗️Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды. Президенттің айтуынша, Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жолында Маңғыстаудың алатын орны ерекше. Сондықтан оның әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Өйткені бұл міндеттің стратегиялық маңызы зор.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 13:31
t.me/qazaqparat_kz/48683
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
1
207
Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты

🔵Бүгінде аталған нысандағы көпмақсатты заманауи терминал Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша тәулік бойы жүк тиеу мен түсіру қызметін ұсынады. Порттың халықаралық көлік дәліздерінің тоғысында орналасуы ұлттық және өңірлік логистиканы нығайтудағы айрықша стратегиялық мәнін көрсетеді.

🔵Президентке Маңғыстау облысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективасы, соның ішінде еліміздің транзиттік әлеуетін кеңейту және порт қуатын жаңғырту жоспарлары жөнінде баяндалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 13:31
t.me/qazaqparat_kz/48682
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
222
🈂️ Йогамен айналысуға ешқашан кеш емес — Роза Бекмағанбетова

Йогамен айналысатын 71 жастағы Роза Бекмағамбетова Jibek Joly арнасында қонақта болды.

Осыған дейн мектепте география пәнінен сабақ берген ұстаз, неліктен йогамен шұғылдана бастады?

📹 Толығырақ «Бүгін.live» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 13:23
t.me/qazaqparat_kz/48681
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
218
Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды

✔️Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады.

✔️Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

ℹ️ @qazaqparat_kz
04/18/2025, 12:31
t.me/qazaqparat_kz/48679
QA
Qazaqparat
3 088 subscribers
202
04/18/2025, 12:31
t.me/qazaqparat_kz/48680
Search results are limited to 100 messages.
Some features are available to premium users only.
You need to buy subscription to use them.
Filter
Message type
Similar message chronology:
Newest first
Similar messages not found
Messages
Find similar avatars
Channels 0
High
Title
Subscribers
No results match your search criteria