🦾Қазақстандық FinTech-стартап Investbanq Meet The Drapers реалити-шоуының финалына өтті
Шоудың жеңімпазы анықталатын финалдық эпизод 18 сәуірде өтеді. Финалды шоудың ресми сайтынан көруге болады. Жеңімпаз 1 миллион доллар көлемінде инвестициялық жүлдеге ие бола алады.
Investbanq — Орталық Азиядағы алғашқы жасанды интеллект негізіндегі капиталды басқару платформасы. Бұл шешім банктерге, отбасылық кеңселерге және активтерді басқарушыларға инвестицияларды тиімді басқаруға, процестерді автоматтандыруға және жаңа буын инвесторларын тартуға көмектеседі. Алдыңғы қатарлы технологиялар мен салалық сараптаманы ұштастыра отырып, стартап аймақтағы WealthTech болашағын қалыптастыруда және халықаралық инвесторлардың назарын өзіне аударып отыр.
t.me/digitalministry_kz