QazaqGaz және Энергетика Министрлігі Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады
ҚР Энергетика Министрлігі және QazaqGaz ұлттық компаниясының басшылығы Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылыс барысын бақылауда ұстайды.
ҚР Энергетика Министрлігінің газ өнеркәсібі Департаментінің Директоры Бақытжан Таубаев және “QazaqGaz” ҰК” АҚ геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Бүркітов құрылыс алаңына инспекция жасап, бас мердігер өкілдерімен жиналыс өткізді.
Объектіге 1349 адам, оның ішінде 900 тікелей персонал және 220 дана техника жұмылдырылған. Бетон құю, металл конструкцияларын монтаждау, сонымен қатар, әрбіреуі 5000м3 құрайтын үш резервуарды (өрт сөндіру және техникалық су жүйесі үшін) жинау, газды аминді тазалау блогында технологиялық құрылғыны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының прогресі:
✅ Іргетасты құю жұмыстары: 39 084 м³ (58,5%)
✅ Құрал-жабдық монтажы: 2 486 тонн (24,5%)
✅ Металл конструкцияларын монтаждау: 2 625 тонн (13,6%)
✅ Жерасты құбырларын жүргізу: 12 205 м (30,1%)
Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын іске асыру жобасы шикі газды өңдеу мен еліміздің ұзақмерзімді энергетикалық тұрақтылығын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.