Your trial period has ended!
For full access to functionality, please pay for a premium subscription
Message
6
1
293
QazaqGaz және ҚазАзот бірлесіп жұмыс істеу және Ақтөбе облысындағы Северный-2 учаскесі бойынша қаржыландыру туралы Келісімге қол қойды
 
Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ  өзінің серіктесі «ҚазАзот» ҰК» АҚ бірлесіп Ақтөбе облысындағы «Северный-2» учаскесінде бірлескен қызмет және қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа «QazaqGaz» ҰК» АҚ геологиялық барлау және перспективті жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Бүркітов және «ҚазАзот» ҰК» АҚ бас директоры Арман Мәулешов қол қойды.

«ҚазАзот» АҚ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптарын орындау үшін қажетті көлемде кері қаржыландыруды 100% қамтамасыз етеді. Жұмыс барысында 2D және 3D сейсмикалық жұмыстар, 1 тәуелсіз және 1 тәуелді ұңғыманы бұрғылау жоспарланған.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Қазақстанда газ химиясы жобаларын дамытуға мүдделі және жаңа серіктестермен, инвесторлармен диалогқа дайын.
04/11/2025, 15:00
t.me/qazaqgazkz/2686
Similar message chronology:
Newest first
Similar messages not found