Жамбыл облысын газбен қауіпсіз қамтамасыз ету: жер сілкінісінен кейінгі іс-шаралар
2025 жылғы 28 наурызға қараған түні Жамбыл облысында жер сілкінісі болып, оның салдарынан Мерке және Т.Рысқұлов аудандарында 2-ден 5 баллға дейінгі жер сілкінісі тіркелді (Мерке қаласында – 5 балл, Т. Рысқұлов – 4 балл).
Газ тарату желілерінің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының мамандары дереу газ тарату желілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде зақым немесе газдың шығуы анықталмады, газ қалыпты режимде беріліп жатыр.
Қосымша сынақтар үшін DLS-Pergam жылжымалы зертханалары әкелінді, бұл бақылаудың тиімділігін арттырады және ықтимал зақымды уақтылы анықтауға, газбен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылдық кестеге сәйкес, Меркі ауданындағы газ құбырларын тексеру 2 сәуірде басталды.
Жоспарланған ұзындығы - 62,67 шақырым болса, сейсмикалық белсенділікті ескере отырып, тексеру 148 шақырымға дейін ұзартылды. Ешқандай зақым анықталған жоқ, нысандар тұрақты жұмыс істеуде.