Ал сүйінші, ағайын! Қызылжардың қақ ортасынан көші қонмен айналысатын "TAUEKEL" ұйымының кеңсесін ашып жатырмыз!
Бұл дегеніміз — енді Солтүстікке көшіп келген немесе көшуге ниетті ағайын осы кеңсеге келіп, нақты бағыт бағдар ала алады деген сөз. Оның үстіне, көш мәселесіне жауап беретін кол центрімізді іске қостық. Кол центр нөмірі 8778 813 6666.(ватсап)
Бұл кеңсе – жай ғана кеңсе емес. Бұл біздің, осы фбдағы көшке жаны ашыр ағайынның түн ұйқысын төрт бөлген арман мақсатының, қолдауының алғашқы нәтижесі.
Біз үшін, TAUEKEL үшін "көш" — кезекті бір науқан ғана емес, бұл өмірлік миссия. Өздеріңіз куәсіздер, осы істі бастағалы қаншама отбасының тағдырымен танысып, қуаныштарын да, мұңдарын да бірге көтерісіп келеміз.
Енді нақты істерді үлкен деңгейде атқаруға дайынбыз. Бірақ шындық мынада:
бәрі қаржы мәселесіне келіп тіреледі. Кеңсені ұстап тұру, құрылтай өткізу, жүйелі түрде қызмет көрсететін сайтты дамыту — бұның бәрі қыруар қаражатты қажет етеді.
Сондықтан сіздерден, елім деген азаматтардан бір өтініш:
"TAUEKEL" ұйымын анда санда қолдап тұрыңыздар!
Көмек қалай жасай аласыз?
– Kaspi немесе Jusan банкі арқылы қаржылай қолдау
– Осы постты бөлісу, достарыңызға тарату
– Жай ғана жылы пікір жазып, бізге демеу болу
Карта нөмірі:
Jusan Bank
4132 6400 1146 6832
(Алушы: "TAUEKEL" Қоғамдық Бірлестігі)
Бұл қаражат көшті ұйымдастыру, ақпарат тарату, кеңсе мен құрылтай шығындарына жұмсалады.
Барлығы ашық, бәріне есеп береміз.
Ағайын, бір адамның қандайда болсын көмегі – бір адамның Солтүстікке көшіп, өсіп өнуіне себеп болуы мүмкін. Сол себепті мына жазбаны барынша таратуыңызды сұраймын.
Пы—сы: Басында айтқанымдай, көшіп келгендердің жоғын жоқтайтын бірде бір ресми құрылым жоқ, енді тым болмаса осы "TAUEKEL" болсын теріскейде. Қысқасы, сіздердің қолдауларыңыздың арқасында солтүстікке көшіп келген мақсаттпс, үзеңгілестердің арқа сүйер ұйымы боламыз! Ал, аруақ қолдап, Тәңір бізге жар болсын!!!!
"TAUEKEL". Теріскей — бізге аманат!
Бурахан Дақанов