У вас закончился пробный период!
Для полного доступа к функционалу, пожалуйста, оплатите премиум подписку
Возраст канала
Создан
Язык
Казахский
3.07%
Вовлеченность по реакциям средняя за неделю
6.81%
Вовлеченность по просмотрам средняя за неделю

Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Сообщения Статистика
Репосты и цитирования
Сети публикаций
Сателлиты
Контакты
История
Топ категорий
Здесь будут отображены главные категории публикаций.
Топ упоминаний
Здесь будут отображены наиболее частые упоминания людей, организаций и мест.
Найдено 2 379 результатов
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
6
⚡️Киікті ату, атпау мәселесі маусым айына қарай шешіледі

Бұл жайлы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлім етті.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 17:04
t.me/qazaqparat_kz/48804
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
⚡️Берденовке жасалған қастандық: Сарапшы Шымкенттегі қылмыстың өсу себептерін атады

ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың мәлімдеуінше, жылдың алғашқы үш айында елдегі қылмыс деңгейі төмендеген. Алайда осы оң үрдіс аясында Шымкент ерекше көзге түсіп отыр — мұнда қылмыс 25,8 пайызға артқан.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған резонансты шабуылдан кейін қауіпсіздік мәселесі қайтадан қоғам назарына шықты. Қалалық әкімдік маңындағы оқиға қылмыстық тергеудің нысанына ғана айналып қоймай, мегаполис тұрғындарының қаншалықты қорғалғанын және неге Шымкент қылмыс өсімі ең жоғары өңірлердің қатарына енгені жөніндегі талқылауға себеп болды.

🖥 Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 16:26
t.me/qazaqparat_kz/48803
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
8
2
68
⚡Қарағанды облысында пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Оқиға «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша жолға шыққан пойызда болған. Қарағанды станциясының маңына келгенде жолсерік вагонның дәретханасында қан іздерін байқаған. Кейін ол купелердің бірінен жаңа босанған әйелді тауып алған.

Белгілі болғандай, ол вагонда босанып, көп өтпей жаңа туған баласын пойыздың терезесінен далаға лақтырып жіберген.

Нәрестенің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты полиция тергеу амалдарын жүргізуде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 15:14
t.me/qazaqparat_kz/48802
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
127
⚡️Киік санын атпай-ақ реттеуге болады

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов киік санын реттеуге арналған дөңгелек үстел алдында журналистерге осы мәселеге байланысты ұстанымын айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 14:25
t.me/qazaqparat_kz/48801
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
133
🇰🇿🇹🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 14:05
t.me/qazaqparat_kz/48800
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
163
⚡️Алматыда жол ережесін бұзған танымал блогер жазаланды

Daricorn атымен танымал блогер Дариға Нұркеева жол ережесін өрескел бұзған.

«Мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру. Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады. Танымалдылық деңгейі, оқырмандардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң — бәріне бірдей», — деп хабарлады полиция.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 13:29
t.me/qazaqparat_kz/48799
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
167
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов отандық кәсіпорындардың өкілдерімен бірге суретке түсті

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 13:00
t.me/qazaqparat_kz/48798
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
134
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді

✔️Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы SPK Turkistan индустриалды паркіне барды.

✔️Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерінің, ауыл шаруашылығы тракторлары, білім мен медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер және өндірістік тоңазытқыштар өндірісі жолға қойылған.

✔️Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу, сондай-ақ жалпы сомасы 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде қызмет ететін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты.

✔️Экспозицияға отандық кәсіпорындар шығаратын автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникалары, тұрмыстық техника, медициналық құрылғылар, өндірістік аккумуляторлар, жиһаздар, текстиль, киім және тағы да басқа тауар түрлері қойылған.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 12:57
t.me/qazaqparat_kz/48795
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
143
22.04.2025, 12:57
t.me/qazaqparat_kz/48797
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
139
22.04.2025, 12:57
t.me/qazaqparat_kz/48796
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
178
Газ саласындағы серіктестікті кеңейту, нақты айтқанда, Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді

✔️Мемлекет басшысы «Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак» темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты.

✔️Сонымен қатар Солтүстік – Оңтүстік бағытындағы транзит әлеуетін арттыруда «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жол магистралы мен құрылысы жүріп жатқан «Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы» автокөлік жолы маңызды рөл атқарады.

✔️Бұдан бөлек, кездесуде білім беру, цифрландыру салаларындағы өзара тиімді ықпалдастық мәселелері талқыланды.

✔️Қазақстан тарапы Түрікменстанға мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ IT-мамандардың біліктілігін арттыру ісінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 10:57
t.me/qazaqparat_kz/48794
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
145
22.04.2025, 10:57
t.me/qazaqparat_kz/48793
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
147
🇰🇿🇹🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

➤ Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің рухани астанасы, түркі халықтарына ортақ қасиетті мекен саналатын Түркістан қаласына сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.

– Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Газ саласында, сондай-ақ көлік-логистика бағытында стратегиялық маңызды жобалар бар. Біз бұл жұмыстарды бақылауда ұстаймыз. Өйткені оның нәтижесі қазақ-түрікмен экономикалық байланыстарын одан әрі өркендетуге ықпал етеді, – деді Президент.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Оның айтуынша, БҰҰ қолдаған бұл бастама Түрікменстанның әлемдік деңгейдегі абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді.

🇹🇲 Халк Маслахатының Төрағасы Мемлекет басшысына киелі Түркістанда қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстан Түрікменстанның ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін жеткізді.

– Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың перспективасы мол. БҰҰ аясында Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылын жариялау жөніндегі Түрікменстанның бастамасына қолдау білдіргеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Гурбангулы Бердімұхамедов.

✔️Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағыты бойынша сан қырлы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланды.

✔️Өзара сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін байланыстарды дамытудың тың мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігі атап өтілді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 10:57
t.me/qazaqparat_kz/48792
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
162
Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрады

15 сәуірде экстрадициялау рәсімі аясында Черногория соты Дина Таңсәріні оның Черногориядан баспана сұрап қаралмаған өтінішіне байланысты қамаудан босатты.

«Қазақстан Республикасы мен Черногория Республикасы арасында беру туралы халықаралық шарт болмағандықтан, оны экстрадициялау туралы шешімді Черногорияның құзыретті органдары ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды», — деп хабарлады Бас прокуратура.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 10:52
t.me/qazaqparat_kz/48791
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
1
176
🏗 Атырау университетінің апатты жатақханасының бір бөлігі опырылып құлады

Бұл — студенттер тұрмайтын жатақхана. Аталған 5 қабатты ғимарат 1972 жылы салынған.

«Апатты деп танылған № 2 жатақхана айналасы қоршалған. Жатақхананың құлағанынан ешкім зардап шеккен жоқ», — деп мәлімдеді университеттің баспасөз қызметінен.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 09:51
t.me/qazaqparat_kz/48789
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
1
160
22.04.2025, 09:51
t.me/qazaqparat_kz/48790
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
1
204
✉️ Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты.

– Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 09:05
t.me/qazaqparat_kz/48788
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
205
🧳 Елімізге келген шетелдіктер көбіне қай салада жұмыс істейтіні айтылды

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында — 5 131 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы — 1 695 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 1 351 адам, өңдеу өнеркәсібі — 1 232 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
🇨🇳Қытай — 4 885 адам
🇺🇿Өзбекстан — 1 614 адам
🇮🇳Үндістан — 1 150 адам
🇹🇷Түркия — 1 124 адам.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 08:44
t.me/qazaqparat_kz/48787
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
248
🚜 Егістіктер тозып барады, тыңайтқыш қолдану көрсеткіші неге төмен

Ғалымдар ауыл шаруашылығы жерлерінің жылдан-жылға құнарсызданып бара жатқанын айтып, дабыл қағып отыр. Елімізде минералды тыңайтқыштарға арнайы субсидия беріледі, сонда да қара жерге нәр беретін игілікті пайдалану кең тарай қоймаған. Бұл нарықтағы ахуалды Kazinform тілшісі зерделеп көрді.

Толығырақ мына сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 07:29
t.me/qazaqparat_kz/48786
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
267
🔵Руслан Берденовтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ - дәрігерлер

Шымкент әкімінің орынбасарына операция жасалды.

«Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Пациенттің жағдайы тұрақты, ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

ℹ️ @qazaqparat_kz
22.04.2025, 06:46
t.me/qazaqparat_kz/48785
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
1
311
⚡️ Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды

21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

«Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр», — делінген хабарламада.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 23:01
t.me/qazaqparat_kz/48784
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
2
315
⚡️Берденовке қоқан-лоқы көрсетілгені туралы оның партияластары хабарлады

Бейбіт Әлібеков болған жағдайды қаладағы құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. 

«Жеке өзім бұл жағдай Шымкенттегі құрылыс саласында тәртіп орнатумен байланысты болуы мүмкін деп ойлаймын, букмекерлерге қатысы бар дегенге күмәнім бар. Тек бүгін ғана осы тақырыпта қатаң жиналыс өтті. Маған Русланға қоқан-лоққы жасалғанын айтқан еді», — деп жазды кәсіпкер өзінің Telegram-арнасында.

Ол оқ атқан адамның Русланның қол астында жұмыс істегенін, әкімдікке қарасты ЖШС-нің басшысы болғанын және жуырда жұмыстан босатылғанын жазды.

«Өкпесі мен бауырына зақым келген. Бірақ бәрі жақсы болады», — деп қосты Әлібеков.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 22:04
t.me/qazaqparat_kz/48783
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
307
🌐 Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

➡️Қарызын төлемегендердің жасырын табысы inDrive және Yandex арқылы анықталуы мүмкін
🔗Сілтеме

➡️Қару өткізген адамға қанша сыйақы беріледі
🔗Сілтеме

➡️Ақтауда оқушылар сыныптасының өкпесін қысып, талдырып тастаған
🔗Сілтеме

➡️Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатына жолдама алды
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 21:35
t.me/qazaqparat_kz/48782
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
283
⚡️Полицияның түсініктемесі:

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство ақпаратында.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 21:09
t.me/qazaqparat_kz/48781
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
13
311
⚡️Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті әкімдік жанында атып кетті

Алдын ала мәлімет бойынша оқ оң жамбасы мен иығына тиген

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 20:35
t.me/qazaqparat_kz/48780
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
302
176 мыңнан астам істі робот-сот орындаушы атқарған
 
Енді 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі берешекті робот сот орындаушылар атқарады. Жарты жылдың ішінде бұл цифрлық жүйе 176 мыңнан астам істі орындап, бюджетке 3,5 млрд теңге пайда түсіріпті. Сәйкесінше халық 900 млрд теңгесін үнемдеді. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында айтылды. Осыдан-ақ саланың жылдам сандық жүйеге көшіп жатқаны білінеді.

📺Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

@qazaqparat_kz
21.04.2025, 20:06
t.me/qazaqparat_kz/48779
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
261
🇰🇿🇻🇦 Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Президенттің айтуынша, Понтифик әділет пен мейірімнің, гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға еді.

– Мен Рим Папасымен кездесулерімді және оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған діни төзімділіктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған Апостолдық тарихи сапарын ыстық ықыласпен еске аламын. Рим Папасы Францисктің есімі әлем жұртшылығының есінде әрқашан бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы және конфессияаралық диалог пен келісімнің қорғаушысы ретінде мәңгі сақталады, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

@qazaqparat_kz
21.04.2025, 19:33
t.me/qazaqparat_kz/48778
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
1
246
👨‍🔬Корея ғалымдары қатты ыстық пен суыққа төтеп беретін «суперметалл» жасады

Оңтүстік Кореядағы Поханг ғылым және технология университетінің ғалымдары материалтану саласында үлкен жетістікке қол жеткізді.

Атап айтқанда, олар 196 градус Цельсийден 600 градус Цельсийге дейінгі температурада өз қасиеттерін сақтайтын қорытпа ойлап тапты. 

@qazaqparat_kz
21.04.2025, 19:02
t.me/qazaqparat_kz/48777
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
263
21.04.2025, 18:04
t.me/qazaqparat_kz/48775
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
242
⚡️Түркиямен парламентаралық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделіміз – Қошанов

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуштың шақыруымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және бір топ депутат Түркияға ресми сапармен барды.

Анкара қаласында депутаттар Парламент басшылығымен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен парламентаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады. 

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 18:04
t.me/qazaqparat_kz/48774
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
260
21.04.2025, 18:04
t.me/qazaqparat_kz/48776
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
227
⚡️Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды ма?

«Бірқатар БАҚ-та Хасан Қасымбаев және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істің сотқа жолданғаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жарияланды. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, қазіргі уақытта іс материалдары тараптарға танысу үшін ұсынылған. Танысу процесі аяқталғаннан кейін іс айыпталушыларды сотқа беру мәселесін шешу үшін прокуратураға жолданады»,- деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Еске салайық, былтыр қараша айында Хасан Қасымбаев қамауға алынған болатын.

Бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін талғарлықтар оны «Хуторские» тобының басшысы болуы мүмкін екенін айтқан еді. 

@qazaqparat_kz
21.04.2025, 17:46
t.me/qazaqparat_kz/48773
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
218
21.04.2025, 17:36
t.me/qazaqparat_kz/48772
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
222
🇰🇿🇹🇲Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды

🔵Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов тарихи ескерткішті музейге айналдыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған.

🔵Сонымен қатар таяуда ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды. Оның ішінде шеберханалар, ұлттық тағам түрлерін ұсынатын орындар, шығыс базары және шағын қонақ үйлер орналаспақ.

🔵Осы орайда биыл 25 наурызда Түркістанға World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» деген мәртебе берілгенін атап өткен жөн.

🔵Бұдан бөлек, визит орталықта Қазақстан Президенті мен Түрікменстанның Ұлт көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі бірегей тарихи жәдігерлермен танысты.

@qazaqparat_kz
21.04.2025, 17:36
t.me/qazaqparat_kz/48771
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
250
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды

🔵Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.

🔵Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды.

🔵Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 16:47
t.me/qazaqparat_kz/48769
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
232
21.04.2025, 16:47
t.me/qazaqparat_kz/48770
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
248
⚡️Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. 

Еске сала кетсек, 2024 жылдың тамызында сот кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы зайыбы Гүлмира Сатыбалдыны үш бап: бас бостандығынан заңсыз айыру, бопсалау және озбырлық бойынша кінәлі деп таныған болатын.

@qazaqparat_kz
21.04.2025, 16:33
t.me/qazaqparat_kz/48768
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
260
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

🔵Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

🔵Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 15:32
t.me/qazaqparat_kz/48767
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
1
263
⚡️Қытайда 25-ші қабаттан құлаған қыз аман қалды

Анасының айтуынша, қыз терезені ашпақ болған. Алайда құрылым берік емес болып шығып, салдарынан ол 18 қабат төмен орналасқан алаңға құлап кеткен. Оған қолының, қасүйсті доғасы және кеуде омыртқасының сынуы диагнозы қойылды. Миы жарақаттанған жоқ.

Қыз балаға бірнеше ота жасалып, 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 15:07
t.me/qazaqparat_kz/48765
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
1
250
21.04.2025, 15:07
t.me/qazaqparat_kz/48766
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
1
268
🔵1,2 миллион талап еткен: Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды

Күдікті медиа cаласындағы танымалдылығын пайдаланып, мектеп қызметкерлерін бопсалаған. «Жағымсыз ақпаратты жариялаймын» деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 14:14
t.me/qazaqparat_kz/48764
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
273
🌷Ақтөбеде қызғалдақ ұстап фотоға түскен ауыл әкімінің ісін комиссия тексеріп жатыр

Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваның гүл ұстап түскен фотосы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Қазіргі кезде полиция фотодағы гүлдің Қызыл кітапқа енген-енбегенін тексеріп жатыр.

«Кейін ғана шешімін айтып, жауапқа тарта аламыз. Ол гүлді қыздары жұлып әкелгенін, фотоға түсіп, WhatsApp мессенджеріндегі статусына қойғанын айтып отыр», — деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 13:45
t.me/qazaqparat_kz/48763
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
1
281
🗣 Марафонда екі адамның қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды ма

Бұл сұраққа Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді.

«Тиісті тексеру болды. Екі адамның өлімі бойынша криминалдық мән-жай анықталмады. Бізде қылмыстық іс тек қылмыс құрамы болғанда ғана қозғалады. Аталған оқиғада қылмыстық іс қозғалмады. Тексеріс нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Бұл тұрғыда сот-медициналық сараптама орталығының тиісті актілері бар», — деді ол Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 13:16
t.me/qazaqparat_kz/48762
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
253
⚡Борышкерлердің жасырын табысы inDrive және Yandex арқылы анықталуы мүмкін

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев табысын қасақана жасырғандарды анықтау қалай іске асырылатынын түсіндірді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 12:30
t.me/qazaqparat_kz/48761
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
247
21.04.2025, 12:02
t.me/qazaqparat_kz/48760
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
250
21.04.2025, 12:02
t.me/qazaqparat_kz/48759
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
6
239
Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды

➤ Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді.

🟦 Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, «Мыңжылдық» аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

🟦 Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің арнасын тазалау жалғасады. Келесі айда «Қазақстан» спорт кешенін жаңғырту жұмыстары басталады.

🟦 Астанада ағаштарды құжаттандыру және цифрландыру арқылы есепке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 12:02
t.me/qazaqparat_kz/48758
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
6
2
243
⚡Сот орындаушылар «Отбасы банк» салымшыларынан 3,4 млрд теңге жымқырған

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Үкімет сағатында жеке сот орындаушылары жасаған өрескел әрекеттерді жіпке тізгендей баяндап берді.

Депутаттың пайымдауынша, жеке сот орындаушылардың ашық тізбесін енгізу керек. 

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 11:49
t.me/qazaqparat_kz/48757
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
11
1
268
⚡️Рим Папасы Франциск 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 10:58
t.me/qazaqparat_kz/48756
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
254
21.04.2025, 10:30
t.me/qazaqparat_kz/48755
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
263
Мемлекет басшысы жастар ұсынған жобалармен танысқанын жеткізіп, әр бастамадан туған елге, табиғатқа деген қамқорлық байқалатынына назар аударды

Дана Есенғали мен Камила Қышқашбаеваның жобаларына тоқталып, бұдан қазақ жастарының жасампаз болмысы көрінетінін, ел мен жерге шынайы жанашырлығы білінетінін мәлім етті. Сонымен қатар Қазақстанның болашағы осындай санасы сергек, ойы ұшқыр жастардың қолында екенін баса айтты.

– Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін, яғни, сіздер үшін жасалуда. Қазақ жастарының болашағы – жарқын, жолы – ашық. Мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Отаншыл, білімпаз, еңбекқор болыңыздар деп тілеймін. Сонда Қазақстанымыз да Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Өркендеген озық ел болмақ. Бәріңізге сәттілік тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 10:30
t.me/qazaqparat_kz/48754
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
230
Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін де ерекше атап өтті

➤ Оның айтуынша, волонтер болу, ең алдымен, нағыз отаншыл азамат болу, яғни, патриот болу деген сөз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы экологияны жақсартуға кәсіпорындар мен кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанына тоқталды. Президент «Таза Қазақстан» аясында өте ауқымды жұмыс атқарылғанын, миллиондаған тонна қоқыс жиналып, көшет егілгенін тілге тиек етті. Бұл ретте «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясының жақсы дәстүрге айналғанын жеткізді.

– Осы шара шеңберінде бүкіл еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі, – деді Мемлекет басшысы.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, тазалық мәдениетін әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп санайды.

– Мысалы, қоқысты сұрыптау, су мен жарықты үнемдеу, қоғамдық орынды бүлдірмеу – аса маңызды. Бұл біздің қоғамның қалыпты қағидатына айналуы қажет. Экологиялық ағарту ісіне айрықша мән берген жөн. Мұны «Таза Қазақстан» кампаниясының негізгі бағыттарының бірі деуге болады. Уақыт өткен сайын көптеген адамдардың қоршаған ортаны аялауға, қорғауға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз. Азаматтарымыз экологиялық талаптарды сақтап, оны саналы түрде өмір салтына айналдырып келеді. Мен жаңа ғана көрмені араладым. Онда экологияға мән берген кәсіпорындарымыздың жұмыстары қойылған. Оларға ризашылығымды білдіремін. Қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр. Тұтас елдің сана-сезімі өзгере бастады. Жастарымыз мұны терең түсінеді, – деді Президент.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 10:30
t.me/qazaqparat_kz/48753
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
208
21.04.2025, 10:29
t.me/qazaqparat_kz/48752
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
239
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі

➤ Президент өз сөзінде бүгінгі жиынның маңызына тоқталып, «Тазалық» фестивалі өте тағылымды іс-шара екенін айтты.

– Осыдан бір жыл бұрын бәріміз бір ел болып «Таза Қазақстан» жобасын бастадық. Мен, ең алдымен, осы жалпыұлттық бастамаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып жатқан әр азаматқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, солардың қатарында өздеріңіз сияқты жалынды әрі дарынды жастарымыз өте көп. Сіздер еліміздің әр аймағында еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрсіздер. Бұл – үлгі боларлық іс. Мен Мемлекет басшысы ретінде сіздерді әрдайым қолдаймын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

➤ Мемлекет басшысы тазалықтың мәні мен мағынасы жайындағы пікірімен бөлісіп, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші деп баға берді. Сондықтан тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы қажет екенін үнемі айтып келе жатқанын еске салды.

– Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы, – деді Президент.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 10:29
t.me/qazaqparat_kz/48751
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
2
237
Атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті

✔️«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын.

✔️Мемлекет басшысына байқау жеңімпазының суреті салынған жейде мен шопер сыйға тартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жұмыстарына жоғары баға берді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 10:13
t.me/qazaqparat_kz/48750
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
7
1
228
Ә. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушылары Нұрбақыт Ермекұлы мен Айзат Ержанқызы Президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаларын таныстырды

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 10:01
t.me/qazaqparat_kz/48749
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
223
21.04.2025, 09:59
t.me/qazaqparat_kz/48748
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
8
227
Президент «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалады

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев көрме экспозицияларын аралап көрді. Мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 09:59
t.me/qazaqparat_kz/48746
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
221
21.04.2025, 09:59
t.me/qazaqparat_kz/48747
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
247
⚡Жартылай марафондағы қайғылы жағдайдан соң министрлік мұндай шараларға талапты күшейтпек

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жазды.

«Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады»,- деді министр.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 09:48
t.me/qazaqparat_kz/48745
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
255
Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.

🌳 Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 09:12
t.me/qazaqparat_kz/48744
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
1
274
🇷🇺🇺🇦Ресей мен Украина осы аптада бейбіт келісімге қол жеткізуі мүмкін — Трамп

«Осы аптада Ресей мен Украина келісім жасайды деп үміттенемін. Осыдан кейін екі ел де Америка Құрама Штаттарымен үлкен бизнеске кіріседі, өркендеп, бай болады!» — деп жазды Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісінде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 08:55
t.me/qazaqparat_kz/48743
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
278
⚡Әділет министрлігі цифрлық
сот орындаушы жүйесінің алғашқы нәтижелерін таныстырды

Цифрлық сот орындаушы былтыр 20 тамызда жүйеге қосылған.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 08:34
t.me/qazaqparat_kz/48742
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
296
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 07:03
t.me/qazaqparat_kz/48741
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
259
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 07:02
t.me/qazaqparat_kz/48740
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
281
📣 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді

🇰🇿🇮🇹 Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.

27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
21.04.2025, 06:44
t.me/qazaqparat_kz/48739
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
292
🌐 Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

➡️ Еңбек көші-қоны: Қазақстаннан қоныс аударатындар негізінен қай елдерді таңдайды
🔗Сілтеме

➡️ Шетел тілін үйренуге ешқандай курсқа барған емеспін – Гарвард университетінің грант иегері
🔗Сілтеме

➡️ WhatsApp-та чаттар мен арналарды автоматты түрде аудару мүмкіндігі пайда болды
🔗Сілтеме

➡️ Өзбекстанда жеке тұлғалардың шетелден тауар әкелуіне шектеу күшейтілді
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 20:01
t.me/qazaqparat_kz/48738
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
10
1
286
🥇 Мөлдір Жаңбырбай каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 19:03
t.me/qazaqparat_kz/48737
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
288
⚡️Алматы әуежайында жасөспірім сөмкеде жарылғыш зат барын хабарлады

Жасөспірімнің «бомба» туралы қалжыны рейсітің кешігіп ұшуына әкелді.

❗️Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы, әуежайда, әсіресе ұшу алдындағы іс-әрекеттер және ұшаққа отырғызу кезінде орынсыз мәлімдемелер мен «әзілдерге» жол берілмейтінін азаматтардың есіне салады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 18:00
t.me/qazaqparat_kz/48736
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
266
⚡️Меркі ауданында үш баланың өліміне әкелген қайғылы оқиға тіркелді

Аудандық ауруханаға көмірқышқыл газына уланған үш жасөспірім жеткізілді. Өкінішке қарай, балалар ес-түссіз күйде қайтыс болды.

Алдын ала тергеу мәліметінше, балаларды анасы жалдамалы пәтеріне тастап кеткен. Үйге оралған анасы газ иісін байқап, қыздарын ауруханаға жеткізуге әрекеттенген.

Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 17:53
t.me/qazaqparat_kz/48735
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
1
271
⚡️Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді

Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту» атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде мәлімдеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 17:41
t.me/qazaqparat_kz/48734
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
296
🚗 Еліміздегі автомектептерде оқу бағасы қанша

Автомектептер оқу процесі кезінде жол ережесін теория жүзінде үйреніп қана, көлік айдауды үйретеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Бағаны дұрыс салыстыру үшін біз салмағы 3,5 тонна болатын жеңіл көлікті жүргізуге арналған «B» санатты куәлігінің оқу ақысын білдік.

Қалаларда оқу мерзімі — 2-3 ай. Бір айдан соң білім алушылар қала ішінде немесе автодромда нұсқаушы көмегімен көлік жүргізе алады. Оқу ақысын салыстыру кезінде курс және нұсқаушымен 18 сағат көлік жүргізу негізге алынды.

Ең қымбат курс Алматы қаласында болып шықты. Мұнда жеңіл көлік жүргізу курсы 70 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге жетеді.

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 16:35
t.me/qazaqparat_kz/48733
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
292
⚡️АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға штаттың орталық бөлігінде болған.

«Ұшақ ашық далаға құлап түсті, бортта болған төрт адамның бәрі оқиға орнында қаза тапты», — деп мәлімдеді Колс округінің тергеушісі Эд Шниерс.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 15:12
t.me/qazaqparat_kz/48732
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
1
308
🧳 Еңбек көші-қоны: Қазақстаннан қоныс аударатындар негізінен қай елдерді таңдайды

Соңғы уақытта шетелге көшкен адам саны – 12 784. Оның ішінде қазақтар – 795, украиндықтар – 704, өзбектер – 1 672 және басым бөлігі орыс ұлты – 7 886.

Елден көшуге шешім қабылдағандар көбінесе ТМД мемлекеттерін таңдайды. Сондай-ақ, Германия, Польша және АҚШ сияқты батыс елдеріне қоныс аударуды жөн көреді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 13:25
t.me/qazaqparat_kz/48731
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
297
💼 Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда өткен аптада болған тағайындаулар

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 12:08
t.me/qazaqparat_kz/48730
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
304
🔵Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: зардап шеккен ер бала санавиациямен Павлодарға жеткізілді

Дәрігерлер баланы жансақтау бөлімшесінен травматология бөлімшесіне ауыстырғандарын, жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады. Бала есін біледі, сөйлеп, қимылдай бастаған. Тағы 5-7 күндей дәрігерлердің бақылауында болмақ.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 11:07
t.me/qazaqparat_kz/48729
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
248
➕ Қандай жағдайда терапевтке бармай басқа дәрігерлерге жүгінуге болады

Осы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында азаматтардың тар бейінді мамандарға жүгіну тәртібіне өзгеріс енді. 

Тар бейінді мамандарға жүгіну тәртібі бар. Ол үшін азамат медициналық ұйымға тіркелуі тиіс. Сондай-ақ сақтандыру мәртебесін растауы қажет. Бұдан кейін жалпы тәжірибелік дәрігерге көрініп, алғашқы тексеруден өту керек.

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 09:31
t.me/qazaqparat_kz/48728
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
248
🏛🏛🏛🏛 21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.

@qazaqparat_kz
20.04.2025, 08:02
t.me/qazaqparat_kz/48727
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
238
🤖 Роботтар арамызда: Қазақстанда қандай салалар автоматтандырыла бастады

Роботтандыру өнеркәсіп, медицина, мемлекеттік және логистикалық қызмет көрсету сынды өмірдің түрлі салаларына еніп жатыр. Қазақстан да бұл үрдістен шет қалмайды: бүгінде ақылды машиналар ХҚКО-ларда, теміржолда, ауруханаларда, пошта бөлімшелерінде, тіпті мейрамханаларда да іске қосылған. Kazinform тілшісі елімізде роботтар қандай салаларда қолданылып жатқанын анықтады. 

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 07:46
t.me/qazaqparat_kz/48726
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
244
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор.

Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.

Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін.

Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін!

Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

ℹ️ @qazaqparat_kz
20.04.2025, 06:00
t.me/qazaqparat_kz/48725
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
259
🌐 Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

➡️Қазақстан тау шаңғысы туризмін әлемдік стандарттарға сай дамытуға ниетті
🔗Сілтеме

➡️Қызылордадағы жалғыз шіркеу бұрын музей болған
🔗Сілтеме

➡️Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды
🔗Сілтеме

➡️Заңсыз айыппұл жойылып, Жезқазған бюджетіне 212 миллион теңге қайтарылды
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 20:30
t.me/qazaqparat_kz/48724
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
266
🇺🇿 Өзбекстан шетелдіктер үшін «алтын виза» енгізуді жоспарлап отыр

Өзбекстанда 1 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға бес жыл мерзімге тұруға рұқсат алудың оңтайланған тәртібі енгізіледі.

«Құжатты алу үшін өтініш беруші 200 мың АҚШ долларын, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесі – жұбайы, балалары мен ата-анасы үшін 100 мың доллардан төлеуі керек», – делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Республика билігі осылайша елге жаңа инвестиция тартуға үмітті.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 19:34
t.me/qazaqparat_kz/48723
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
243
🈂️Әкелер бала тәрбиесіне неге аз араласады

Қазақ қоғамында баламен сау қарым-қатынас құратын әкенің нақты бір үлгісі қалыптаспаған. «Бүгін LIVE» бағдарламасына сұхбат берген медиа маман, «Әйеліммен әңгіме» кітабының авторы Марғұлан Ақан дәл осындай пікір білдірді.

📹 Толығырақ «Бүгін.live» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 18:08
t.me/qazaqparat_kz/48722
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
253
🍍Қазақстанда экзотикалық жемістер қанша тұрады

Саудагерлердің айтуынша, экзотикалық жемістер Қытай, Перу, Пәкістан, Нидерланды, Бразилия, Тайланд және Колумбия, Кот-д’Ивуар, Мексика және Түркиядан әкелінеді. Экзотикалық жемістің қай-қайсысы да жоғары сұранысқа ие. Егер қазақстандықтар қандай да бір жемісті алмаса, тасымалданбас еді. Бағаны салыстыру кезінде экзотикалық жеміс көбіне Қостанай мен Қарағандыда арзан болып шықты. Ал Шымкентте баға жоғары.

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 16:20
t.me/qazaqparat_kz/48721
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
267
⚡Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: Футбол федерациясы бапкердің отбасына көңіл айтты

«Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар футболының бапкері Әлібек Жүсіповтің жол апатына түсіп, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады», — делінген хабарламада.

Қазақстан футбол федерациясы тарапынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 14:53
t.me/qazaqparat_kz/48720
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
7
1
258
⚡Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде Сәкен Бибосынов (54 келі) чемпион атанды. 

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 13:27
t.me/qazaqparat_kz/48719
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
254
🇰🇿 Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын алды

Ташкент қаласында спорттық самбодан кадеттер арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік өнер көрсетті. 

Ұлдар арасында Шоқан Уәлихан (46 кг), Дінмұхаммед Лесбеков (49 кг), Бекжан Тұрсынбеков (58 кг), Нұрсұлтан Әбдіразақов (71 кг) алтыннан алқа тақты.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 12:01
t.me/qazaqparat_kz/48718
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
2
243
🏛🏛🏛🏛 Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

➤ Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.

➤ Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 10:46
t.me/qazaqparat_kz/48716
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
255
19.04.2025, 10:46
t.me/qazaqparat_kz/48717
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
225
💬 Павлодар-Астана жолындағы көлік апаты: балалардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер Павлодар-Астана жолында көлік апатына түскен балалардың жағдайы туралы айтты.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 154-ші шақырымында болған жол-көлік апатынан 1990 жылы туған ер азамат қаза болды. Кәмелет жасына толмаған жеті жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Олардың біреу жансақтау бөлімінде. Баланы облыстық нейрохирург қарап шығып, симптоматикалық ем тағайындалды. Өзге алты бала жеңіл және орташа ауырлықта жарақат алған, барлығы хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Жарақаттан аман қалған тоғыз бала аурухананың стационарына орналастырылды», — деп мәлімдеді Ерейментау аудандық ауруханасынан.

Дәрігерлер қазіргі уақытта стационарда төрт бала қалғанын, олар өз ата-аналарын күтіп отырғанын жеткізді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 10:05
t.me/qazaqparat_kz/48715
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
1
240
💬Павлодар-Астана жолында балалар мінген автобус аударылып, жаттықтырушы көз жұмды

«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында «Мерседес» маркалы шағын автобустың қатысуымен жол-көлік апаты болды. 

Белгілі болғандай, балалар жеке меншік спорт мектебінде жаттыққан. Спорт мектебінің басшылығы өз шәкірттерін жарысқа жіберген уақытта ол туралы полиция қызметкерлеріне ескертпеген. Сәйкесінше жолда патрульдік көлік автобуспен бірге жүрмеген.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 09:21
t.me/qazaqparat_kz/48714
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
5
261
📰 Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан: Қорғаныс шығыны, әуе рейсіндегі овербукинг және қаржысыз легионерлер

Осы аптада әлемдік басылымдарда Қазақстан жайлы ақпарат жиі ұшырасты. Әсіресе, Үкіметтің қорғаныс саласына бөлген қаржысы, әуе билеттеріне қатысты өзгеріс ерекше аталған. Әзербайжанмен сауда байланысының ұлғаюы, спорттағы легионерлердің мемлекеттік бюджеттен қағылуы да қалыс қалмапты.

🖥 Толығырақ Kazinform тілшісінің шолуынан оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 08:26
t.me/qazaqparat_kz/48713
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
4
250
🏠 Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесі өзгере ме - сарапшылар пікірі

Жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес, елдегі банктерге корпоративтік табыс салығын 25 пайызға дейін көтеру ұсынылып отыр. Бұл ипотека құнына қалай әсер етеді? Kazinform тілшісі осы мәселе бойынша сарапшыларға жүгінді. 

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz
19.04.2025, 07:00
t.me/qazaqparat_kz/48712
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
7
252
🌐Күннің қорытындысы — қысқа да нұсқа

⏩Тіл үйренушілер енді қазақ мақалдарын ағылшынша емін-еркін қолдана алады
🔗Сілтеме

⏩ Әр бала білімді және үйлі болсын: «Келешек» жобасы туралы ата-ана нені білуі керек
🔗Сілтеме

⏩ Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың қашан жан тапсырғанын айтты
🔗Сілтеме

⏩ Мейірімге зәру, сенгіш, үрейшіл: Қандай адамдар алаяққа жиі алданады
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
18.04.2025, 20:35
t.me/qazaqparat_kz/48711
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
8
243
🥉 Нариман Құрбанов Қатарда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

ℹ️ @qazaqparat_kz
18.04.2025, 19:54
t.me/qazaqparat_kz/48710
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
8
242
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары

ℹ️ @qazaqparat_kz
18.04.2025, 18:48
t.me/qazaqparat_kz/48709
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
9
225
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣ Kazinform агенттігі жаңа «Мәлімет» жобасын іске қосты

«Мәлімет» − Қазақстанның медианарығында алғаш рет ұсынылған жаңа айдар, онда саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтері жарияланады.

«Мәліметте» кейіпкерлердің өмірі мен мансабындағы маңызды сәттері мен жетістіктері, сондай-ақ фотосуреттері мен оларға қатысты соңғы жаңалықтар ұсынылады.

📁 Біз Қазақстанның ең басты тұлғалары туралы барлық мәліметті бір айдарға жинадық, осылайша олар туралы бар ақпаратты оңай әрі жылдам білуге болады.

🌎 Келешекте «Мәлімет» Орталық Азия елдерінің белгілі тұлғаларын да қамтитын болады.

ℹ️ Kazinform агенттігі ақпарат таратудың заманауи форматтарын дамытуды жалғастырады және қоғамды сенімді әрі пайдалы дереккөзбен қамтуды мақсат етеді.

🖥 Айдарға сілтемелер:
🔷https://kaz.inform.kz/persons/
🔷https://www.inform.kz/persons

ℹ️ @qazaqparat_kz
18.04.2025, 18:02
t.me/qazaqparat_kz/48708
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
202
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

– Әділетті Қазақстанды құру және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда терең орнықтыру үшін табанды еңбек етіп жүрсіздер. Қауіп-қатерге қарамастан, барлық жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатырсыздар. Адал қызметтеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін мен аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін мінсіз қызмет етіп жүрген бірқатар күштік құрылым өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Жалпы, мен Мемлекет басшысы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әрдайым қолдаймын, еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да мемлекеттің тірегі, халықтың қорғаны болып, адал қызмет етесіздер деп сенемін, – деді Президент.

🎖 Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz
18.04.2025, 17:52
t.me/qazaqparat_kz/48707
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
3
1
194
⚡Балалар омбудсмені «Дарикорн дауына» қатысты пікір білдірді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева танымал блогердің видеосынан кейін буллингке ұшыраған бала туралы пікірін білдірді және блогерді қатаң сынға алды.

«Қара басының қамы үшін адамгершілік ұмыт қалып отыр. Осыны жасаған ересектердің баладан кешірім сұрап, жағдайды түзетуге тырысуға ар-намысы жетпегені өкінішті. Мұндай әрекеттер баланың өмірін құртып жіберуі мүмкін екенін әрдайым есте сақтау керек», − деді Д. Зәкиева.

Оның айтуынша, жыл басында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың фото-видеосын пайдалануға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер әзірленді. Жақында олар Үкіметке бекітуге жіберіледі.

ℹ️ @qazaqparat_kz
18.04.2025, 17:17
t.me/qazaqparat_kz/48706
QA
Qazaqparat
3 087 подписчиков
183
18.04.2025, 17:04
t.me/qazaqparat_kz/48705
Результаты поиска ограничены до 100 публикаций.
Некоторые возможности доступны только премиум пользователям.
Необходимо оплатить подписку, чтобы пользоваться этим функционалом.
Фильтр
Тип публикаций
Хронология похожих публикаций:
Сначала новые
Похожие публикации не найдены
Сообщения
Найти похожие аватары
Каналы 0
Высокий
Название
Подписчики
По вашему запросу ничего не подошло