Message
1
1
352
Апталық инспекция: QazaqGaz басшылығы Қашағандағы ГӨЗ құрылысының барысын тексерді, жұмыстар кестеге сай жүруде

Ұлттық компания басшылығы апта сайын Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 құрайтын газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексеруде. Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1300-ден астам жұмысшы мен 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыс алаңында үнемі аудит жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар, өндірістік бақылаудың бес қадамдық формасы енгізілген. Жұмысшылар жеке басты қорғау құралдары, тәулік бойы медициналық көмек және төтенше жағдайлардан сақтандырумен қамтылған. Құрылыс алаңында өрт қауіпсіздігі бойынша мамандандырылған ұйым жұмыс істейді.
 
Құрылыс және монтаж жұмыстарының қазіргі барысы:
 
✔️ Құрылысқа қажет инертті материалдар жеткізілуде
✔️ Іргетас жұмыстары: 38 884 м³ (58%)
✔️ Құрал-жабдық монтажы: 2 218 тн (22,1%)
✔️ Металл құрылғылары монтажы: 2 554 тн (13,2%)
✔️ Жерасты құбырлар монтажы: 12 193 м (30%)

ГӨЗ  құрылысы кестеге сай жүруде. Жобаны дәл уақытында аяқтау үшін қосымша ресурстар тартылды.
By continuing to use our service, you agree to the use of cookies.
To find out more about how we use cookies, please review our Privacy Policy